Математика əдістемелік нұсқау



бет173/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

60-сабақ. Мəліметтер жинау




Тақырыбы:Менің өлкемнің жетістіктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып:

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.5.2.5.Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

• деректер жинайды, жүйелейді, кестелер мен диаграммалар құрады.



Көпшілік оқушылар:

• жиналған деректерді қорытындылайды.



Кейбір оқушылар:

• осы деректер бойынша диаграмманың басқа түрін құрады.



Тілдік мақсаттар



Оқушылар орындай алады:

• деректер жинау үшін сауалнама жүргізуді, деректерді қорытындылауды.



Пəндік лексика жəне терминология.

Диаграмма, кесте, деректер.



Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер. Талқылау.

Топ қатысушыларымен сауалнама жүргізіңдер.

Деректерді кестеге жинаңдар.

Жазу.

Кесте толтыру.




Тірек білім

Деректер жинау, жүйелеу, кестелер мен диаграммалар құру.

Жоспар

Жоспарлан -ған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.

Оқушылар мұғалімнің басшылығымен «Менің өлкемнің жетістіктері» тақырыбында сұхбаттасады. Əртүрлі тəсілдермен ұсынылған мұғалім дайындаған ақпаратты талқылайды. Ақпаратты не үшін табу керек? (Оны өңдеу, əртүрлі болжамдар дайындау үшін.) Ақпаратты қандай түрде өңдеген қолайлы? (Оны қандай да бір деректер қатары ретінде ұсыну арқылы.) Бүгінгі сабақта біз осымен айналысамыз.



Диаграмма, кестелер.

4–6



Өзектендіру.

Ақпарат жинау, оқу мен өңдеу үшін диаграммалар мен кестелерді пайдаланудың қолайлы екенін көрсету үшін мұғалім оқушыларға 4 адамнан топтарға бөлінуді ұсынып, дайын кестелер сызылған парақтарды таратады.

Мұғалім оқушыларға «Қандай деректерді өңдейтіндеріңді түсіндіңдер ме?»– деген сұрақ қояды.

Оқушылар кестелерге топ қатысушыларының аттарын жəне олардың туған күндерін жазуды ұсынады.

Осымен зерттеудің бірінші кезеңі аяқталады. Келесі кезеңге – деректерді қорытуға кірісеміз. Оқушылар деректерді жыл мезгілдері бойынша қорытындылауды ұсынады.


Кестелер салынған қиықшалар.

7–11




Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Оқулықтағы 1-тапсырма жұппен орындалады.





12–29



Жаңаны ашу.Қойшы отарындағы қойлардың түсі екі түрлі, сиырлардың да түсі де екі түрлі. Оқушылар пиктограмма бойынша оқып, сұрақтарға жауап береді:

  • Отарда неше бас қара қой бар?

  • Неше бас ақ қой бар?

Мұғалім оқушыларға «қаншаға артық?» «қаншаға кем?» деген сөздермен басқа да сұрақтарды қоюды ұсынады.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топтасып орындайды.

Топ қатысушылары арасында жұмыс түрлерін бөлісіп алған оқушылар стикерлерді пайдалана отырып, диаграмма құрады, ұсынылған жануарлардың деректерін үлгі бойынша жүйелейді:

Мұғалім жануарларды саны бойынша салыстыруды ұсынады, оқушылар теңдіктер құрады. Топтардың қатысушылары таңдаған топ өкілдері туған өлкені мекендейтін жануарлар туралы əңгімемен жұмысты қорытындылайды.





30–40



Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 3-тапсырма.



Бағалау критерийі:

Бағанды диаграмманы оқып, деректерді атауды жəне








салыстыруды білемін;

Осы деректер бойынша диаграмманың басқа түрін құра аламын.



Қиындықтарды түзету.

Егер оқушылар қателік жіберген болса, жұппен немесе топпен диаграмманы түсіндіру жұмысы жүргізіледі.



Өтілген материалмен жұмыс.

Оқушылар оқулықтағы есепті шығарып, 4-тапсырманы орындайды, 4а есеп пен 4ə есептердің арасындағы байланысты түсіндіреді.

Оқушылар дəптердегі 3-тапсырманы орындап, қосындыдан санды азайту жəне саннан қосындыны азайту ережесін пайдалана отырып, тиімді тəсілмен есептеп шығарады.





41–45



Рефлексия.

ҰНМС– формула. Бұл əдіс танымдық əрекетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұ – ұстаным. «Мен ... есептеймін».

Н – негіздеме. «Өйткені ...».

М – мысал. «Мысалы ...».

С – салдар. «Өйткені ...».

Формуламен жұмыс істей отырып, оқушылар өздерінің көзқарасын тұжырымдаумен қатар, оны кезең-кезеңмен сауатты түрде қорғау мен дəлелдеуді үйренеді.


Рефлексияға арналған қиықшалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет