Оқулықтағы 4-тапсырма мен дəптердегі тапсырмаларды мұғалімнің қалауы бойынша ұжым болып немесе жеке-жеке ұйымдастырылады. Мұғалім тапсырманы өзінің қалауы бойынша өздігінен таңдай алады.
41-45
Рефлексия.
Мұғалім балалардың материалды қалай игергенін тексереді:
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті біледі.
Құрамында барлық 4 арифметикалық амалдары болатын, жақшалы жəне жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындаудың реті жөніндегі тəртіпті, жақшалы жəне жақшасыз əріпті жəне санды өрнектерді салыстыруды қолданады
Өрнектердегі амалдардың орындалу ретімен байланысты логикалық тапсырмаларды шығару.