Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым



бет30/30
Дата17.06.2018
өлшемі2,51 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
1. а) Трапецияның орта сызығы, ауданы туралы теореманы айтып бер.

ә) Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын жаз.

2. а) Параллелограмның ауданын есептеу формуласын жаз.

ә) Герон формуласын жаз.

3. а) Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын жаз.

ә) Ромбының қабырғасы 5 см. Ромбының периметрін тап.

V. «Өнер-ағып тұрған бұлақ , ілім жанып тұрған шырақ». Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп, практикалық тапсырмалар орындайды.



Түрлі-түсті қатырма қағаздан қиып жасалынған геометриялық фигураларды сызғышпен өлшеу арқылы периметрін, ауданын есептейді. Салыстырмалықты қолданып, түсіндіреді.


VI. «Білімнін басы-бейнет, соңы-зейнет» Суретті плакаттағы тапсырмаларды ауызша орындайды.

VII. Инсайттық сызба арқылы сабақты қорытындылау.

VIII. Үйге тапсырма: №294. №295. Кабілетті окушылар үшін: №298. №299.

IX. Оқушыларды бағалау.



Қорытынды
Мектепте матиматиканы үйретудің жалпы мақсаттарымен қатар тек матемтика пәніне тән арнайы, ерекше мақсаттары болады. Математика басқа ғылымдар ішінде ең дәл қатаң ғылым, оның әдістерін қолдану басқа ғылым салаларының ғылыми деңгейін жоғарлатады. Математика ғылыми танудың әдістерін кең және терең қолданады. Бұл пәнді оқыту оқушыларды ғылыми ойлау әдістерімен қаруландырады. Сондықтан да саналы түрде таным әдістерін үйрету мектеп математикасының айырықша мақсаттарының бірі болып саналады.

Математиканы оқытудағы арнайы мақсаттардың қатарына оқушылардың геометриялық интуициясын, жазықтық, кеңістік қиялын дамыту жатады. Бұл негізінен геометрия сабақтарында жүзеге асады. Мұнда ең алдымен көрнекі құралдар арқылы жазық және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың геометриялық елесі, көрінісі қалыптастырылып, біртіндеп күрделі геометриялық фигураларды және олардың комбинациясын сызбалық дұрыс кескіндеуге машықтандырылады.

Мектепте логика айрықша пән ретінде өтілмейді, оның бірсыпыра функциясы математика пәнінің еншісіне тиеді (мыслы, теоремаларды дәлелдеу кезінде ойлау заңдарын мүлтіксіз қолдана білу).

Қазіргі қоғам жаңа талаптарға, міндеттерге байланысты мектеп математикасының мақсаттары да үнемі біртіндеп өзгеріп отырады.

Жалпы білім беретін орта мектептердің алдындағы игілікті міндеттерді жүзеге асыруда мектептегі геометрия курсының атқаратын қызметі айтарлықтай. Мектепте геометрияны оқыта отырып, оқушыларға мұғалім политехникалық жалпы білім берумен қатар, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу мақсатында практикалық іс- әрекет дағдыларына үйретеді.

Осы айтылғандардан мектептегі геометрия курсының төмендегіндей мақсаттары туындайды.

- жалпы білім беру мақсаты.

- практикалық мазмұны.

- тәрбиелік мәні.

Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты.


Геометрияны оқытудың жалпы білімділік мақсаттары мұғалімнен

төмендегіндей жұмыс түрлерін талап етеді;

- оқушыларға геометриялық білімің, біліктің және дағдының белгілі жүйелерің меңгерту;

- болмыстағы ақиқатты танудың геометриялық әдістерін меңгерту:

- геометрия тілін, терминологиясын меңгерту, қалыптастыру;

- геометриялық интуициясын дамыту;

- оқыту процесі мен өздігінен білімін толықтыруда қажет болатын геометриялық мағлұматтарды тиімді пайдаланудың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.

Егер оқушы аталған міндеттерді жете түсініп, білімді берік, саналы және жүйелі түрде игере алса, онда оқу міндеттерін іске асырып, күнделікті тұрмыста кездесетін алуан түрлі мәселелерді шеберлікпен шеше алатын болады.



Пайдаланған әдебиеттер.
1. Әбілқасымова А.Е жәңе т.б Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі. – Алматы. Білім 1998жыл.

2. Әділқасымова А.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. – Алматы. Білім 1994 жыл.

3. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы (жалпы әдістеме). Алматы. Мектеп 1986 жыл.

4. Бектаев Қ.Б. Орысща – қазақша математикалық сөздік. – Алматы. Мектеп 1986 жыл.

5. Зорина Л. Дидактические основы формирования системности знаний старшеклассников. – Москва. Педагогика. 1978 год.

6. Методика преподования математики в средней школе. Общая методика. Р.С.Черкасов, А.А.Столяр. – Москва. Просвещение. 1985 год.

7. Монахова Н.И. Из опыта обучения геометрии в старших классах. Москва. Просвещение. 1981 год.

8. Погорелов А.В. Геометрия. Орта мектептің 7-11 сыныптарына арналған оқулық. – Алматы. Рауан.

9. Өтеева Қ.А. Математиканы оқытудың нәтижелерін тақырыптық тексеру мысалдары. – Алматы. Мектеп. 1993 жыл.

10. Пойа Д. Математическое открытие. – Москва. Наука. 1976 год.



« Информатика Физика Математика» журналдары.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі
Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың болатыны туралы
Тең бүйірлі үшбұрыш
Оқулық бойынша өз беттеріңше қалай дайындалуға болады.
Пифагор теоремасы
Теорема 30. бұрыштьң косинусы тек оның градустың өлшеуішіне ғана тәуелді болады.
Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерініц квадраттарының қосындысына тец.
Тік бұрышты үшбұрыштарды шешу
Математика сабағын компьютер арқылы

Каталог: uploads -> doc -> 0ae2
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ae2 -> Сабақ Тақырыбы: Дауыссыз л мен р әріптері. 163-167 жаттығу. Мұғалім Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен Р. 163-167 жаттығу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет