Абжанова М.С 10 сынып оқушыларымен «Не?Қайда?Қашан?» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын ,, математикадан алған білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана алатындай , ойын кезеңдерінде оқушылар қызығушылығын ояту көзделді. Сыныптан тыс сабақ – интеллектуалды ойын түрінде ұйымдастырылды. Сынып екіге бөлінді : ойыншылар мен көрермендер.Көрермендер ойыншыларға сұрақтар береді., ал ойыншылар бір минуттың ішінде топпен акылдаса отырып , сұраққа жауап іздейді. Ойын үстелі он алты секторға бөлінген. Ойын кезеңінде оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды. Сыныптан тыс жұмыста тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып, ұйымшылдыққа тәрбиеленді. Ойын кезеңінде оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Ең жақсы ойыншы мен ең жақсы сұрақтың иесі марапатталды.. Сабақ соңында кері байланыс жасалды.
Нактаева К.С 8 сынып арасында «Физика әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Екі сынып топқа бөлініп бір-бірімен ой жарыстырып сайысқа түсті. Мұғалім оқушылармен қызықты тәжірибелер өткізді, өмірде жиі кездесетін физикалық құбылыстардың болуына қандай себеп-салдар туатынын тәжирибелер арқылы дәлелдетті. Оқушылар үй тапсырмасы ретінде Алдар көсе мен Жиренше шешендердің бейнелерін сомдап, әртүрлі физикалық жағдаяттар туғызды. Өткізілген сайыс оқушылар арасында белсенділік туғызып, бар білімдерін ортаға салды. Сайыс қызықты өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |