Сатмаганбетова Г.З 9 сынып оқушыларымен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырды. Ұйымдастырған ойында оқушылар әр бағыттағы кезеңдерден өтті. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға белсенділіктерін арттыруға арналған қызықты логикалық сұрақтар қойылды. Белгіленген сұрақтарды пәнаралық байланыс болды.
Мырзахметова А.К 6 сыныптарда «Математикалық дәмхана» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Топтарға берілген сұрақтар ас мәзірі ретінде жазылып оқушыларға таратылып отырды. Оқушылар белсенділік танытты, пәнге деген қызығушылықтары оянды.
Хасенова С.М физика пәнінің мұғалімі «Физика за чашкой чая» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды. Жансүгірова А.Р математикадан 5 сынып арасында «Жұлдызды сәт» ойынын, Есенгазина Ж. Е математикадан 9 сынып арасында «Многоборье» атты сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырды.
Соңғы күні онкүндіктің қорытындысы өткізілді. Жарыс- сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
Ұсыныстар:
Пән мұғалімдері өз сабақтарында жаңа оқыту технологияларын жүйелі түрде пайдаланып, сабақтарды түрлендіріп үйлесімді өткізу.
Пән мұғалімдері жыл бойы өз білімдерін жетілдіп отыру
Пән мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың білімдерін критериалды бағалау арқылы жүзеге асыру.
Пән мұғалімдері дәстүрлі емес, заманауи сабақтар арқылы оқушыларды ң білім деңгейлерін, белсенділіктерін арттыру.
Болашақта онкүндік жоспарын, іс-шараларды түрлендіріп өткізу.
Пән мұғалімдері өз сабақтарын әдістемелік тақырыптарына сай ұйымдастыру.
Абжанова М.С, Нактаева К.С-ның озық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында қалалық семинарда сабақ беруге ұсыну
Достарыңызбен бөлісу: |