Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, сыныптан тыс іс- шаралар.Бірлестіктің онкүндік жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Бірлестікке кіретін пән мұғалімдері өз пәндері бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар берді.
Онкүндікті ашқан физика пәнінің мұғалімі Хасенова С.М 8 «В» сыныбында «Роль тепловых двигателей в развитие энергетики. Тепловые машины и охрана природы. Экологические проблемы использования тепловых машин» ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабақта оқушылармен жеке-дара жұмыс, танымдық белсенділігін қалыптасыру мақсатында өз бетімен ізденіс жұмыстарына көп көңіл бөлді.
Математика пәнінің мұғалімі Мырзахметова А.К 8 «А» сыныпта алгебрадан «Квадрат теңдеулерді шешу» тақырыбында ашық сабақ берді. Мұғалім оқушылар арасында ұйымшылдықты қалыптасыру мақсатында сыныпты 3 топқа бөліп жаңа оқыту әдістерін қолданды. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.Сабақта жеке-дара жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Оқушылар бағалау парағы арқылы өздерін бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: |