Математика пәнінің мұғалімі Абжанова М.С 11 сыныпта «Нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы мен интегралы» тақырыбында берді. Оқушылардың ойлау , есте сақтау қабілеттері ескеріліп , сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, бүгінгі тақырыпты өткен сабақпен байланыстыра сөйлеу, формулаларды дұрыс пайдалана білу көзделді. Сабақта банк салымшылары ретінде топпен жұмыс, жеке және жұптық жұмыс пайдаланылды. Нақты көрсеткіштік дәрежелік функцияның туындысы мен интегралын табу туралы алған теориялық білімдерін бекітіп , ауызша және жазбаша талдау жүргізілді. Ш.А. Амонашвилидің «Ойын арқылы оқыту», В.В. Давыдовтың «Дамыта оқу», сыни тұрғыдан ойлау технологиялырының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, дәрежелік функцияға есеп шығаруда оқушылардың ойын, қиялын, есте сақтау дағдысын қалыптастыру қарастырылды. Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын «Іс тәжірибеден өту», «Депозит ашу», «Бонус», «Несие ашу» бойынша тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып, ұйымшылдыққа тәрбиеленді. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Барлық оқушылар бағаланып, үйге тапсырма берілді. Топ басшысы дескрипторлар арқылы бағалау жасады. Сабақ соңында кері байланыс жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |