Информатика пәнінің мұғалімі Сатмаганбетова Г.З 7 сыныпта сабақ берді. Мұғалім сабағында оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлік технологияны қолдана отырып, көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдаланды. Сабақты бастамас бұрын Ұйымдастыру кезеңіне назар аударды: оқушылардың сабаққа жалпы және психологиялық дайындығын және құрал-жабдықтар мен көрнекіліктердің дайындығын қарастырды.Cабақ барысында оқушыларды сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдермен таныстырып, тиянақтылыққа үйреттім және ойлау қабілеттері мен логикалық-абстракциясын дамытуға көңіл бөлдім. Сабақтың таңдап алынған құрылымы көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды көрнекілік және иллюстрациялық әдісті пайдалана отырып сабақтың мақсат, міндеттерімен сәйкестендірді. Осы мақсат-міндеттердің орындалуы барысында оқушылардың сезім мүшелері арқылы қабылдауы жоғары болды, әсіресе көру каналының маңызы ерекше болды және компьютерлік технология үйлесімді пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |