«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері: Жан-жақтылық. Мұндай түрдегі тапсырманы түрлі оқу нәтижелерін өлшеу үшін
бейімдеуге болады.
Жылдам балл қою. Балл қоюға көп уақыт кетпейді, балды есептеудің нақтылығы
жоғары. Қолданбалы бағдарламалардың көмегімен дұрыс жауаптарды автоматты түрде
есептеуге болады.
Сенімділік. Дұрыс құрылған сұрақтар оқушының оқу жетістігінің сенімді
нәтижелерін беруі мүмкін.
Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы
жетілдіруге болады.
Тиімділік. Қолда бар материалдардан аз уақыт ішінде көптеген әртүрлі
тапсырмалар құрастыруға болады.