|
Математика пәнінен ашық сабақ
|
бет | 1/2 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 0,71 Mb. | | #94619 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 4 сынып математика Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық жоғарғы колледж
Орындаған: Тазабек Ж.А
Тексерген: Кабышева С. А
Тобы:ММ-42
Санды 10-ға, 100-ге,
1000-ға көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сандарды 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту мен бөлудің тәсілдерін үйрету, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, есептеу қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, бірлікке тәрбиелеу.
Амандасу рәсімі:
Бүгін күн қандай тамаша,
Күн күліп тұр жараса.
Бізге келген қонақтарға
Сәлем бердік жарыса
Психологиялық дайындық Армысың, ару күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос.
Топ ережесі: Бірін-бірі тыңдау
Бірлесіп шешу
Өзара көмек көрсету
Ойды ашық айту
Тыныштықты сақтау
Уақытты үнемдеу
Қызығушылықты ояту - Білім ордасы не?
- Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең?
- Оңынан да , солынан да бірдей оқылатын, жазылатын сандар қайсы?
- 9-дан 100-ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі?
- Ойлаған санға 119-ды қосқанда 800 шықты. Ойлаған санды тап.
- 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар?
- 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады?
- 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады?
- Ұшақтың жылдамдығы 850км. Ол 3сағатта неше км ұшады?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|