Тапсырманың орындалуын бағалауы Әрекет:құзіреттіліктің екінші деңгейі (тапсырманы шешу үшін байланыс орнату және ақпаратты интеграциялау)
Мазмұны:кеңістік және пішін Жағдай: өзіндік [Төменде көрсетілген бағалар дұрыс шешу тәсіліне және дұрыс жауапқа негізделген.Кодтың екінші цифры шешімнің түрлі тәсілдерін айқындайды.]
Код 2(1): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған квадрат және тіктөртбұрыштың кескінінің көмегімен жасалынған .Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген (бірлік шаманы көрсету міндетті емес).
Код 2(2): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған дөңгелектің кескіні арқылы жасалынған. Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген.
Код 2(3): Бағалау берілген континетті бірнеше стандартты геометриялық фигураларға бөліп және солардың аудандарының қосындысы арқылы жасалынған. Ауданның мәні шамамен 12 12.000.000 кв.км ден 18.000.000 кв.км.ге дейін көрсетілген.
Код 2(4): Бағалау (12.000.000 кв.км және 18.000.000 кв.км аралығында) басқа дұрыс тәсілдер арқылы жасалынған.
Жауап:
Континенттің айналасына үлкен тік төртбұрыш кескінделген және оның ауданынан континент жатпайтын аумақтардың аудандарын шегерген.
[Бұл кодтар дұрыс тәсіл қолданған,бірақ қате немесе толық емес жауаптарға арналған. Кодтың екінші цифры шешудің түрлі тәсілдерін көрсетеді.]
Код 1(1): Бағалау берілген континентке сырттай сызылған бір квадраттың немесе тіктөртбұрыштың кескінінің көмегімен жасалынған. Дұрыс тәсіл қолданылған,бірақ қате немесе толық емес жауап берілген.
Жауаптардың мысалы:
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ жоғарыда көрсетілген мүмкін болатын мәндерге (мысалы 18 200 000 ) тиісті емес жауап көрсетілген.
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ жауабында нөлдер саны дұрыс емес. (Мысалы, 4000 х 3500 = 140.000).
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ұзындығы мен ені көбейтілген,бірақ берілген жауапта оқушы сантиметрді квадрат километрге айналдыру үшін масштабты қолдануды ұмытқан. (Мысалы, 12 см х 15 см = 180).
Тіктөртбұрыш кескінделген және оның ауданы 4000 км х 3500 кмге тең екендігі көрсетілген.Бірақ әрі қарай шешімі көрсетілмеген.