«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялары



бет15/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà

Математиканы оқытудың қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялары.

Оқытуды ақпараттандыру идеяларын іске асыру көрнекілік-түсіндіру әдістері мен білімді механикалық меңгеруден оқу материалын көрсету мен алудың заманауи тәсілдерін және ақпараттық қарым-қатынас технологияларын пайдалана отырып, өз бетімен жаңа білімді меңгеруге арнайы көшулерді әзірлеуді талап етеді. Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) құралдарының мүмкіндіктерін пайдаланудың спектрі кеңеюде, оқытудың жаңа формалары мен әдістері әзірленуде, оқытудың дәстүрлі әдістері түрлі пәндерге түрленуде.
Жаңа программалық өнімдерде АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктері әрдайым қолдана бермейтінін атап өту керек, сондықтан олар әрқашан педагогикалық мақсатқа лайықты бола бермейді. Сәйкесінше, әрбір оқытушыға осы саладағы жаңалықтармен үнемі танысып отыру керек, оқытуда АКТ құралдарын пайдаланудың тиімділігін көтеру жолдарын анықтау мақсатымен оқытушы-жаңашылдардың тәжірибесімен танысып отырулары қажет.
Қандай да бір сабақты өткізу кезінде АКТ құралдарын пайдаланудың әдістемелерін сипаттамас бұрын, келесілерді атап өтейік:
1. Оқытуды ақпараттандыру оқыту формалары мен әдістерінің, оқыту мазмұнының елеулі түрде өзгеруіне әкеледі;
2. Оқу үрдісіне АКТ құралдарын ендіру оқытушының орнын басуға немесе оның рөлінің төмендеуіне әкелмейді;
3. АКТ құралдары сабақтардың барлық формаларын өткізу кезінде оқытудың дәстүрлі формаларының тиімділігін көтере отырып, оған қосымша болуы мүмкін;
4. Нақты педагогикалық эффектісіне оқу үрдісінде АКТ құралдарын оқу қызметінің түрлі формаларын ұйымдастыруда кешенді пайдалану кезінде жетуге болады.
Оқу үрдісінде АКТ құралдарын педагогикалық орынды пайдалану оқу үрдісін ұйымдастырудың дәстүрлі сабақтан тыс жүйесінде жақсы көрініс табады. Бұл оқытудың әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын жетілдіруге, оқу сапасын көтеруге, соның ішінде оқу үрдісінде АКТ-ның дидактикалық мүмкіндіктерінің көп бөлігін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа буынының программалық құралдарын құрау мен пайдалану есебімен көтеруге мүмкіндік береді. Ақпараттандыру және коммуникация құралдарының негізінде педагогикалық технологияларды пайдалану оқытудың принципиальді түрде жаңа жолын іске асыруға және пәндік ортада төмендегілерге бағытталған ақпараттық қарым-қатынастарды іске асыратын жастарды тәрбилеуге мүмкіндік береді.
Оқу материалын баяндаған кезде ақпараттық және коммуникациялық технологияның, соның ішінде қазіргі заманғы презентациялық жабдықтардың мүмкіндіктері, әсіресе интерактивті тақталардың, дәстүрлі лекциялық жабдықтарға қарағанда жоғарырақ болып келеді. Сондықтан соңғы кезде оқу мекемелері оқытудың заманауи құралдарына ие болады, негізінен: проекторлар, экрандар, интерактивті экрандар, бұлар педагогқа қабылдаудың барлық триадаларына иек артуға мүмкіндік береді: көремін, естимін, жазамын. Оқытушының оқу материалын баяндау кезінде аудиторияда видеобейнелерді, аудиосапарламасымен анимациялық роликтерді қалай қолдана алатынын қарастырайық.

4 - МОДУЛЬ. Мектеп математика курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары және оларды оқыту әдістемесі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет