«Математиканы оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде 1-Дәріс. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-30 дәріс. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде



бет36/36
Дата10.04.2023
өлшемі4,87 Mb.
#174077
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
«Ìàòåìàòèêàíû î?ûòó ?ä³ñòåìåñ³» î?ó ï?í³ ðåò³íäå 1-Ä?ð³ñ. Ìàòåìà
2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, 2 5314420604529543613, «Биология» п нінен то санды жиынты ба алау спецификациясы 7-сы (3), Семинар әдістемелік нұсқау, 187526.pptx, Шарап, 5 сынып, Практикалық жұмыс 19-20 ДОТ, 134450.pptx, 696051
29-30 дәріс. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде.


Дәріс мақсаты: ҚР-ндағы әдістемелік-математикалық ғылымның дамуына талдау жасай білу. Әдістемелік-математикалық ғылымның алыс және жақын шетелдердегі қазіргі даму жағдайымен таныстыру. Әдістемелік-математикалық ғылымның дамуындағы психологиялық және дидактикалық зерттеулердің рөлін білу.


Дәріс жоспары: Әдістемелік-математикалық ғылымның объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері. ҚР-ндағы әдістемелік-математикалық ғылымның дамуына тарихи шолу. Әдістемелік-математикалық ғылымның дамуындағы психологиялық және дидактикалық зерттеулердің рөлі. Әдістемелік-математикалық ғылымның алыс және жақын шетелдердегі қазіргі даму жағдайы.
«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқып-үйрену барысындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстры.

Орта мектепте математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына: жалпы білім беру, дамыту, тәрбиелеу (тәрбиелік), теориялық білімдерді практикада қолдана білу (практикалық) мақсаттары жатады.


Математиканы оқытудың жалпы білімділік мақсаттары:
- математикалық ұғымдарды қалыптастыру,
- нақты дәлелдерді, құбылыстарды, тәжірибелерді ұғындыру,
- формулаларды дәлелдей білуді үйрену,
- ұғымдардың анықтамасын, заңдарын, оқылуын, теорияның негізін оқыту,
- оқушыларды ғылым негізімен таныстыру,
- оқушыларды нақты өмірді ұғынудың математикалық әдістерін меңгеруге үйрету,
- оқушыларды математикалық тілде сөйлеу және жазу мәдениетіне үйрету7
Дамыту мақсаттары:
- оқушылардың математикалық қабілеттіліктерін дамыту,
- математикалық ақпаратты қабылдау,
- оқушылардың сандық және кеңістік қатынастар сферасында логикалық ойлау қабілеті,
- оқушылардың математикалық нысандарды, қатынастарды, амалдарды тез және кеңінен қорытындылай білу қабілеті,
- математикалық талдаулар процесін және оларға сәйкес амалдар жүйесін қайталап жүргізу және қайталанатын құрылыммен ойлау қабілеті,
- оқушылардың жұмыс процесіндегі математикалық ойлауға икемділігі,
- оқушылардың ойлау процесінің бағытын тез және еркін өзгерте білу қабілеттілігі,
- шешімнің айқындығына, қарапайымдылығына, үнемділігіне және тиімділігіне жетуге тырысу,
- математикалық есте сақтау қабілеттілігі,
- ақыл-ойдың математикалық бағыты,
- оқушылардың математикаға ықыласын дамыту,
- оқушылардың өз бетімен нәтижелі ойлау интеллектісін дамыту,
- ізденушілік қабілеттіліктерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаттар:
- математиканың қоғамда алатын орыны туралы және оның қоғамның, техниканың, ғылымның басқа салаларының дамуына байланысты дамитыны туралы мәліметтерді оқушылардың бойында қалыптастыру,
- оқышылардың диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру,
- оқушыларды қоғамдағы құбылыстарды дұрыс талдауға бағыттау,
- оқушыларды төзімділікке, шыдамдылыққа, еңбекке, жауапкершілікке, әсемдікке тәрбиелеу,
- оқушыларды математика ғылымына, математик ғалымдардың қызметіне сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Практикалық мақсаттар:
- оқушыларды алған теориялық білімдерін есептер шығаруға және басқа пәндерді оқып-үйренгенде қолдана білуге бейімдеу,
- оқушыларды алған білімдерін өз бетінше толықтыруға бейімдеу,
- оқушыларды математикалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге бейімдеу,
- оқушыларды оқулықтармен және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге бейімдеу,
- оқушыларды математиканы оқып-үйренгенде ғылыми-зерттеу әдістерін қолдана білуге бейімдеу.
Орта мектепте математиканы оқытудың міндеттері: қойылған мақсаттарды іске асыру үшін орындалатын шаралармен анықталады:
- математикалық білім мазмұнын іріктегенде әлеуметтік тиімділікті ескеру,
- математикалық білім мазмұнын іріктегенде ақпараттық сиымдылықты ескеру,
- оқушылардың математикалық іс-әрекетін толыққанды ұйымдастыру үшін барынша мүмкіндік туғызу (интеллектуалдық сиымдылық),
- дамытылған түрдегі деңгейлік және бейімдік даралау жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді игеруін жүзеге асыруға болатын және сыртқы факторлардың жиынтығына орай оқыту уақыты мөлшерінің шектелгендігін (даралау арқылы жүзеге асырушылық, бейіндік оқыту) ескеру,
- оқытудың әрбір кезеңінде математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты қалыптастыруға, дем беруге, және дамытуға мейлінше мүмкіншілік жасауды (танымдық сиымдылық, танымдық ізденімпаздық) іске асыру,
- мектептегі математикадан басқа пәндерді соларға сәйкес ғылымның қазіргі кезендегі даму деңгейінде оқып-үйрену мүмкнішілігін (пәнаралық байланыстар) іске асыру.
- оқушылардың отандық және шет елдік басқа мектеп оқушыларымен араласуына, сабақтарға қатысуына жағдай жасау және олардың қозғалысқа бейімділігін (мобильділік) қалыптастыру.
- оқушылардың дамуын бақылау портфолиосын жасау (портфолио),
- оқушылардың ата-аналарымен интерактивті байланыс орнату (бірлескен тәрбие),
- оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, ұлттық дәстүрлерді, ана тілін қадірлеуге, шет тілдерін үйренуге және еңбекқорлыққа, әдемілікке тәрбиелеу (адамгершілік тәрбиесі).
Жалпы математиканың дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөледі.
1. Алғашқы математикалық айғақтардың пайда болуы кезеңі
2. Келесі кезең – математикадағы тұрақты шамалардың пайда болуы.
3. Үшінші кезең – XVII ғасырдың басы мен XІX ғасырдың ортасына дейін созылған айнымалы шамалар математикасының дамуымен сипатталады
4. Төртінші кезең XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, XX ғасырда айнымалы шамалар қатынасы пайда болуымен аяқталады.
Математикалық құрылым – көпбейнелі математикалық айғақтар мен әдістердің ( бір-бірімен ешбір байланысы жоқ әдістердің) өзара байланысын орнатады. XX ғасырдың өзінде ешбір сезімдік интерпретациясы жоқ нысандарды іс-тәжірибелік жолмен зерттеуге болатыны байқалды. Осы кезеңдегі математиканың зерттеу нысаны – табиғаттағы белгілі бір анықталған жиын элементтерінің арасындағы амалдар мен қатынасты зерттеу болып табылады. Ол нысандар белгілі бір жүйенің аксиомаларына, әртүрлі математикалық құрылымына байланысты. Математиканың әртүрлі тарауларының өз алдына ғылым ретіндегі өзіндік моделі болды. Сонымен, осы заманғы математика ғылым ретінде математикалық құрылым және оның моделімен анықталатын болды.


Білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар және оларды орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет