1.2 Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары
Қазіргі кезде ақпараттың өте көптігіне орай оқу жүйесін оқушылардың ақпаратты пайдалану біліктіліктерін қалыптастыру бағытында құру көзделіп отыр. Басқаша айтқанда, «математикаға оқыту қаншалықты математикалық білім беруге емес, математиканың көмегімен қаншалықты білім алуға бағытталған болуы керек».
Мемлекеттік құжаттардағы қазіргі талаптар:
Білім туралы заң.
Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Орта білім. «Математика және информатика» саласындағы негізгі орта білім берудің базалық мазмұны.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан Республикасында білім беруді модернизациялаудың қазіргі бағыттары ҚР "Білім туралы" заңында, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың тұжырымдамалары мен білім беруді дамытудың бағдарламаларында, Жалпыға міндетті Мемлекеттік білім стандарттарында көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты: сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды.
Математиканы оқыту әдістемесі шартты түрде үш салаға бөлінеді:
1. Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі.
2. Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі.
3.Математиканы оқытудың нақты әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |