«Математиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалы


МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ (СЕМИНАР)



бет14/28
Дата03.11.2022
өлшемі12,33 Mb.
#156345
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
«Математиканы о ыту теориясы» п ніні о у- дістемелік материалы
Зерттеу дерісі ж не негізгі кезе дері ылыми зерттеу дерісі, Нугман Акнур Эссе 3-я тема, Дәріс , эссе кошбасшы, Тема Современный стиль в одежде
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ (СЕМИНАР)
Қарастыратын сұрақтар:

  1. Геометрия түрлері;

А. Планиметрия
В. Стереометрия
2. 12 жылдық оқыту жүйесіндегі геометрия курсы.
Зерттеу объектісі: орта мектепте геометрияны оқыту процесі.
Зерттеудің мақсаты - орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттіліктерін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеп, оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін салу есептері негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;
-салу есептерін іріктеудің ерекшеліктері мен оларға қолданатын әдістемелік талаптарын анықтау, есептердің деңгейлерін анықтау;
-геометрияны оқыту барысында оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамыту әдістемесін жасау және олардың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру.
Зерттеудің болжамы: егер мектеп геометрия курсына геометрия курсын түгел қамтитын мазмұнды-әдістемелік бағыттардың бірі ретінде конструктивтік есептер жүйесін негіздеп кірістірсе, онда бұл көрнекілік-практикалық және логикалық-дедуктивті тәсілдердің өзара байланыстары негізінде оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамытудың мақсатты бағытталған процесін қамтамасыз етеді, геометрия курсын меңгеруде жоғары дәрежеге жетуге жағдайлар жасайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- конструктивтік геометрияны оқыту бойынша ұсынылатын әдістеме жасалды;
- 5-6 сыныптарға конструктивтік геометрияның алдын-ала оқытылатын есептер топтамасы жасалды;
- 7-9 сынып оқушыларының конструктивтік қабілеттілігін дамытуға бағытталған геометриялық салу есептерінің жүйесі құрылды;
- факультативті сабақтарға конструктивтік есептер жүйесі қарастырылды.
Феликс Клейн 1872 жылы Эрланген программасында геометрия түрлерін алғашқы рет зерттеу нысандарына байланысты зерттеген. Осыған байланысты геометрияның келесі түрлері айқындалады:

Планиметрия — жазықтағы фигураларды зерттейді.
Стереометрия — кеңістіктегі фигураларды зерттейді.

  • Проектілік геометрия;

  • Аффин геометриясы;

  • Сызба геометрия.

Қазіргі заманның геометриясына тағы бөлімшелер қосылды:.

  • Көпөлшемді кеңістік геометриясы.

  • Евклидтық емес геометрия.

    • Сфералық геометрия.

    • Лобачевский геометриясы.

  • Риман геометриясы.

  • Аралуандық геометриясы.

  • Топология 

Пайдаланған әдістеріне байланысты:

  • Аналитикалық геометрия 

  • Алгебралық геометрия

Геометрия негіздемелері курсының мақсаты – элементар геометрия саласында оқытушы дайындау. Жалпы геометрия пәнін мектеп курсында планиметрия және стереометрия деп екіге бөліп қарастырамыз. Енді соларға тоқтала кетсек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет