111
Қара дҥние қаптап келс, қаймықпан:
Ажал қаупі ар кҥшінен артылмас [1, 14]
дейді ақын сонау 17 жасында 1941 жылы. Ол кез – Алла мен Қҧдай сҿздерінің таса бола бастаған кезі. Тек ақ
жҥректерді ғана паналап қалған сҽті. Бҧл жолда оның «бағынары», «табынары», «жалынары» тек қана – ары.
Бҧл ақынның ҿмірлік ҧстанымы.
Иҽ, дҽл осы жерде Зейнолла Қабдоловтың: « Ҽдебиет – ардың ісі» деген ҧлағатты сҿзі тегіннен-тегін айтылмаса
керек-ті.
Қазақ поэзиясының аса кҿрнекті ҿкілі Қасым Аманжолов Қуандық Шаңғытбаевтың «Ар» жинағындағы інжу-
маржандай ҿлеңдерді оқығанда, балаша қуанып:
«Қуандық, сен шыққанда, шын қуандық.
Аялап алдымызға «Арыңды» алдық», -
деп қаламдас інісіне жҥрекжарды шын қуанышын білдірген екен.
Поэзияда ой мен сезім ҽсте бҿлінбейді, ой мен сезім бҿлінсе, ол ҿзара ҥйлесім таппайды,ҥндесіп жарытпайды.
Айта беретін жел сҿз содан келіп шығады. Ҧйқас,ырғақ қабат кеп, кҿкіректі шымшып, жон арқаны
шымырлатқан ҽуенді,
сазды дыбыстар оянбаса,бҽрінен бҧрын тереңде тҧнық,асқардй асқақ ойлар туындап
жатпаса, онда ҿлең ҿлең болмайды, ҿнер болмайды.
Тасиды Ырғыз !
Тасиды Ырғыз!
Тасиды!
Толқынның толқын қабады жалын,
Қасиды.
Жҿңкиді толқын,
Жҿнекей дамыл таппайды.
Толқиды толқын
Тербетіп сансыз Ғасырды.
Толқиды толқын,
Жҿңкиді толқын Қҧрдымға.
Жеткенше неге болды екен қҧмар тҧл қҧмға.
Қҧрдымның асты аңқасы кепкен сусақ қой,
Ырғыз бен Торғай баспаған шҿлін мың жылда...
Жылдарым кҥтіп, жырларым кҥтіп тҧр бҥгін,
Думан мен тойды кетеді-ау алып қҧрғырың.
Сҧңқар боп ҧшқан мың кҥннен енді қымбат қой
Ырғызда ҿткен
О, шірікін-ай, бір кҥнім!
... Бҧл ақын Қуандық Шаңғытбаевтың жыры. Шынында осынау жҥректен шыққан сезім сыры селт еткізбей
қоймайды. Туған жерден тҥлеп ҧшқан қазақ халқына белгілі ақынның тҧңғиық шалқар поэзиясын бірі білсе,
бірі жете тҥсінбейді. Неге? Осы ой мені қатты алаңдатады. Мен мектеп оқулығынан ақынның жырларын
іздедедім... Жоқтың қасы. Ҽдебиет сҥйер жеткіншектің алтын қорды
байытқан жыр байлығын неге
сезіндірмеске?!. Ол Ырғыздан шыққан, жер-жаһанның «Мекке мен Мҽдинесі» деп сезінген Шабағаннан
шыққан. Ҽдебиеттегі Сҽулеткер ақын ҿз халқынан бағасын алса да, оның терең философиялық
шығармашылығын зерттеген адам кҿп емес-ау.
Шаңғытбаев кейбір шамшыл ақындар сияқты сынға бҧртия қарап, ішіне дық сақтап, кҿз алартудан аулақ. Ол
барынша ақындық жауапкершілікті қатты сезініп ҿзін-ҿзі қайрап, ҿзіне-ҿзі
жігер беріп, творчествоның биік
шыңына толғана тҧрып қҧлаш ҧрады. Ҿлең жолындағы ҿсемін деген ақынның бірден-бір ҧстар критериі осы
болмақ. Ҿзін-ҿзі осылайша қамшылаған ақын бҧл жылдары бҧрынғыдан ҽлдеқайда тереңдеп, биікке кҿтеріліп,
ҿзінің нҽзік лирикалық дабылын жан-жақты дамыта тҥсті. Кейбіреулер сияқты ҿлеңді тоғыта жазып, ҥсті-ҥстіне
топтап бастыруды мақсат етпей, ақын ҿлеңді бойдағы қажыр-қайратын, сезім шабытын сарқа жҧмсап, сарыла
отыруды мақсат тҧтқан. Поэзияның ең қиын бір дҥние екенін , оның ҧшар басына ойлы-қырлы, шатқал, ойпаң
орлармен жететінін жете білген. Қуандық ҿзінің «Ақын» деген ҿлеңінде ҿзінің іздену жолдары, шарқ ҧрған
шақтары мынандай сыр шертеді:
112
Сезбейді ақын алыспа таң, жақынба,
Есімде жоқ бала, ҧйқы, қатында.
Жалғыз ғана ҥн дҥниесі гуілдеп,
Кҥбірлейді , кҥңіренеді ақынға.
Ақын ҿлеңіне музыка іздейді, алуан дыбыстарды, сан бояулы сҽулелерді қарастырады, ҽр жҥркті шымырлатып,
ҧйытып ҽкететін поэтикалық образдар ойланады. Ҿлеңді бҧрыннан қысқа қайыратын Қуандық ҽрбір сҿзді
сҧрыптап, таңдап, оған ой жҥгін артып, тосын тҧжырымдармен тҥйіндеуге кҥш салады. Ҿлеңді ҿлтіретін –
шҧбалаңқылық, орынсыз ҧзақтық, бос сҿзділік. Қысқа ҿлең жазу ақыннан ауыр еңбек тілейді. Онда ҽрбір сҿз
серіппедей ҿз орнында тҧрмаса, айтайын деген ой сҿлі сығылып, қорытылған қорғасындай тҧнып жатпаса,
динамикалық дҽлдік болмаса, ешкімді елжіретіп, ҧмсынта алмайды. Шаңғытбаевтың «Аққу» ҽнінде табиғат,
махаббат
лирикалары, философиялық толғаныстар ең негізгі ҿзек болып тартылып жатыр[2].Табиғат-
ақындарымыздың ежелгі тақырыптарының бірі. Қанша ақын жырласа да, табиғат тақырыбының айдыны
сарқылып, табаны тартылып кҿрген емес. Ҿйткені табиғатты ҽр ақын ҿзінше жырлайды, ҿзінше сезінеді, оның
сҧлулығын ҿзінше кҿріп, ҿзінше қабылдайды. Қуандық жырлаған табиғатта да ақынның ҿзіндік тҥйсігі, ҿзіндік
толғаныстары бірден кҿзге шалынып жатады. Қуандық табиғатты нҽзік дірілмен, табиғаттың ҿзінше ҥлбіреп,
ҥлкен сезімталдықпен жырлай біледі. Ол табиғаттың басқалар кҿрмеген жаңа бір қҧбылыстарын, жҧмбақ
сырларын, ҽсем сҧлулығын ҿзінше ашуға бар ынтасын салады. Мысалы, «Таң» деген ҿлеңінде ол:
Майыстырып майсаның желектерін,
Оқтын-оқтын бір желпіп қояды жел...
Таңның сосын біжр жҧтып жібек желін,
Балапандай сілкініп оянды желр.
Осы шумақтағы жолдардың ҽрқайсысы бір нҽзік саусақтардың сиқырлы лебімен жаралғандай,
оқушының
ойына эстетикалық лҽззат қҧяды [3, 14].
«Ар» - Қуаң ағаң есімінің синонимі. Оның қазақ жырына ҽкелген жаңалығы неде? «Бҧл ҽлемде жаңа ештеңе
жоқ»,- дейді екен даналар. Рас сҿз.
Ҿлең сҿздің қадірін бізде гҿрі дҧрыс тҥсінген бҧрынғы шалдар енді – енді соныдан тарта бастағанда Дауыл –
Заманның қара шаңына кҿміліп қалған бір сара соқпақ болған – ол қазақы қара ҿлеңдегі Шығыс ҿрнектері еді.
Неге шаңға кҿмілгенін ғалымдар айта жатыр. Біздің ойымызша – діні мҧсылман, тҥбі – тҥркі қазақ халқын ҿз
тамырын ажырату ҥшін «дін - апиын». «Шығыс – надан » секілді тҧрпайы тҥсініктер кҿлденең тартылды.
Екіншіден, тіл тазарту деген себеппен қоқысқа лақтырылған керек емес тастандылармен бірге небір асыл,
жауһарлар да кетті. Олардың орнына қойған «асылдарға» халық кҿңілі толмады Мҧны зиялы қауым тҥсінді,
ҽрине. Бірақ, заман «Кҥш қазандай қайнайды, кҥресуге дҽрмен жоқтықтың» кері еді. Міне, осындай кезде
ҿлеңге Қуандық Шаңғытбаев келді. Мҧхтар Ҽуезовтің жҥрегі жарыла қунатыны содан.
Мҧның ҿзі қылышынан қан тамып тҧрған коммунистік идеологиясы деген қарсылық болатын. Кҥрестің бҧл
тҥрі Мҧхтар Ҽуезовтың ҧлыға ҧнай кетуі заңды. Қазақ ҽдебиеті озбырлыққа қарсы кҥресін ешқашан тоқтатқан
емес.Ҽсіресе, поэзияның бҧл жерде орны бҿлек. Ол – мҽңгі майдан сарбазы. Ҽрбір ақын ҽдебиетке жаңалық
болып келеді.Ҽңгіме нағыз ақындар туралы болып жатыр. Қуан – ағаң қазақ ҿлеңіне алып келген (ҽлде
қайтарып ҽкелген деген жҿн бе?) зер,ою, нақыш,нҽш, тылсым ҥн, бҿлек дауыс – бҽрі, бҽрі елді кҿз жазып қалған
асылдарымен қауыштырған қҧбылыс еді. Ақын қара ҿлең мен Шығыс шериятының жігін ҽдемі жымдастыра
білді [4, 8].
«... Қуан ағаның сҧлу
поэзиясының астарын ашып, ажарын айту – міндет. Қазақ поэзиясында Қуандық
Шаңғытбаевтай ақын аз. Ол зерек зергердің бірі, емес бірегейі! Қазақ поэзиясының сҽулеткері! Қуандық
Шаңғытбаев – ақындық кербездіктің кҿркем де ҽсем ҥлгісі!» деген белгілі сыншы Қҧлбек Ергҿбековтің керемет
сҿзімен аяқтағым келеді.
Пайдаланған ҽдебиеттер тізімі:
1.
Шаңғытбаев Қ. Ар. –Алматы: Қазақтың Біріккен Мемлекеттік Баспасы, 1945.
2.
Шаңғытбаев Қ. Аққу ҽні. –Алматы: Жазушы, 1968.
3.
Шаңғытбаев Қ. Жыл қҧсы. –Алматы: Жазушы, 1918
4.
Ергҿбек Қ. Қазақ поэзиясының сҽулеткері. «Ақтҿбе», 24.05.2012.