Материалдары



Pdf көрінісі
бет12/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 821.512.122 
 
ҚАЗІРГІ МАҢҒЫСТАУ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ 
САРЫНЫ 
 
Байекеева Р.Б. 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, МНКЯЛ-19 тобының магистранты 
Ғылыми жетекші: проф. Н.С.Қамарова 
Аңдатпа.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі, оның ішінде Маңғыстау әдебиетіндегі 
Абай шығармаларының қайта жаңғыруы туралы, оның өлеңдерінің қазіргі ақындардың 
өлеңдерінде, қазіргі қазақ әдебиетінде жаңаша, қайта сипат алуы ізденіс – ғылыми 
мақаланың зерттеу мақсаты. 
Қазіргі қазақ әдебиетіне өзіндік үлесін қосып жүрген Маңғыстау ақындарды 
көп-ақ, сол өлеңдерден Абайдың ізімен жазылған өлеңдердің көрініс табуын іздестіру, 
жинақтау, салыстыру, мысал келтіру әдістері зерттеу әдістерінің ең тиімдісі болып 
табылады. Осы ғылыми мақалада қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай шығармаларының 
жаңаша сипатының белең алуы дәлелденеді. Оның жаңаша сипаты, Абай 
шығармаларының ескірмейтіндігі дәлелденеді. 
Түйінді сөздер:
Абай, әдебиет, сарын, өлең, Маңғыстау. 
Парасатшыл Абай өз елі өмірінде де аз өмір сүрсе де, артына өшпес мұра 
қалдырған өнерлілерді білген. Қыршын жасында дүние салған, бірақ өз халқына емес, 
бүкіл адамзат үшін рухани мол мұра қалдырған, есімі ел қадірлісі болған Пушкин, 
Лермонтовтардың өміріне де қанық. Абай аз өмірде адамшылықтың қарызы үшін еңбек 
ету керек екенін терең түсінді, сондықтан аз өмірін ұзартар жастарды армандайды. Сол 
арманына Абай жетті. Абайдың өз шығармаларында философиялық үлкен ой 
түйіндерін жасамаса, биікке көтеріле алмас еді. Абайдың құдіреттілігі өз сезімі мен 
қайғысын елінің арман-мүддесімен қатар қойғандығында, сондықтан да Абай 
шығармашылығы ренессанстық сипатын жоймақ емес. Абай өлеңдерінде оптимистік 
қуат мол. Өлең жолдарында, әсіресе, шынайы поэзияда қат-қабат ойлар, терең сырлар 


46 
бар. Бір оқып шыққанда, олардың сол қатпарларына тереңдей алмайсың. Тек бір емес, 
бірнеше қайталап оқығанда ғана ішіне бойлай ене аласың. Шынайы өлең әр оқыған 
сайын жаңа бір қырларынан көрінеді. 
Ұлы Абайдың өлеңдерін оқыған сайын жаңа бір дүние ашқандай болатының да 
сонан. Суреттер, жаңа бейнелі ой кездестіресің, бұрын оқыған өлең жолдары тосын 
сырлар шертеді. Ақынның «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңіндегі мына 
жолдарға көңіл қоялық: 
Біреуі – көк балдырған, бірі – қурай, 
Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз. 
Сөздерін керемет өріп, поэтикалық өрнек жасай білген. Өз ойын айту үшін 
талғап, таңдай білген. Абай шығармаларының өміршең болатын себебі, қарама-қарсы, 
кереғар ұғымдағы сөздерді шендестіре қолдану арқылы көп ұтқан. Абай поэзиясы – 
өміршең поэзия. Орыстың әйгілі сөз зергері, ойшылы А.Н.Островский: «Пушкинге 
таңдана-тамсана берген сайын, ой-парасатымыз кемелдене береді, оған бүгін де 
таңдана-тамсанамыз, сол таңдана-тамсанған сайын ақыл-зердеміз молыға береді. Біздің 
әдебиетіміз өзінің ой-парасат жағынан биіктегені үшін соған парыздар... Орыс 
әдебиетін бір адам тұтас жүз жылға биіктетті» - деген еді Пушкин ақындығы жайында. 
А.Н.Островскийдің осы сөзі Абайға арнап айтылғандай [1,269]. 
Жаңа заман тың ақындық лепті керексінері сөзсіз, бірақ Абай өлеңдері өз мәнін 
жойған емес. Мысалы, соңғы кезде Абайды тереңірек зерттеп, арнау өлеңдерін жазған 
Сайын Назарбекұлы «Абаймен сырласу» өлеңінде: 
... «Ақ киімді...» қысыңа төзіп едім, 
Күз, жаз, көктем – бір күнде кезігемін. 
Төрт мезгілді бір сәтте сезіндірген. 
Табиғаттың, атажан, өзі ме едің?! [2,13]. 
Тағы бір жерінде Абай өлеңінің мәнін жаңаша ашып, қазіргі замандастарының 
атынан ақынға былай деп тіл қатады: 
...Қалың елің, қазағың, қайран жұртың 
Көк тұқыл ғып қырғызды сақал, мұртын. 
Әдеті ғой асыра сілтеп алар, 
Жоғалта да жаздады сұрқын, тұрпын. 
Ұлтым деп, ұлтымның болашағы деп, қайғы жеген Абайға: 
...Өмір мәнін толғадың тереңірек, 
«Ұлтым, – дедің, – басқадан тереңірек». 
Зарлап өттің, жыладың, арман еттің, 
Қашан елім кемелге келеді деп. 
Сайын Назарбекұлы өлеңдерінен Абай өлеңдерінің жаңаша, қайта түлеуін, қайта 
жаңғыруын байқауға болады. Сайын Назарбекұлы Абай өлеңдері сияқты қылып, соның 
сарынымен Абайдың сұрақтарына жауап іздеп, Абайдың мұңына мұңдас болып, қазіргі 
замандастары атынан ішкі толғанысын хат-өлең түрінде керемет жеткізе білді. «Абай» 
атты толғауын, «Абай басқан Жидебай топырағы» кітабын жазды.
Журналист-ақын, жазушы Ғалым Әріптің «Рух жанартауы» атты кітабында ол: 
«Рухани жаңарудың жолы – ана тіліндегі әдеби-көркем кітаптар, газет-журналдар, 
ұлттық өнер, музей, кинотеатр емес пе? Елдіктің жөнін айтатын көсем ойлы ақсақал, 
қарасақалдарымыз қайда? «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!» деп 
ұлы Абай айтқандай, әрбір қазақ туған елінің көтеріліп жатқан зәулім ғимарат-
шаңырағына бірі уық, бірі нағыз кірпіш болып қалануы ғана бағымызды ашады деп 
ойлаймын». Ол Абай сарынымен Ғалым Әріп былай жырлайды: 
Ей, қазағым, ел болдық қой еңселі, 
Тұқыртпашы төмен қарай еңсені. 
Есебіне қоспаушы едім ездердің 
Ер мінез деп еркін өскен мен сені. 


47 
Аш көзіңді! 
Жый есіңді! 
Өз халқыңды сүйер болсаң шын егер. 
Жалт-жұлт етіп ақ алмастың жүзіндей 
Жүрмесек біз бұ дүниеде кім елер?! 
Мәңгүрт санап мал бағумен күні өткен, 
Өтті уақыт, өпірімдер құл еткен. 
Енді, қазақ, намысыңа қайралып, 
Өртеле біл елді сүйген жүрекпен. 
Шағың келді! 
Шарпиды – Күн шұғыла, 
Шомылып ал Көк Тәңірдің нұрына. 
Туған елді, туған жерді сүйе біл, 
Үміт артқан өр мінез қыз, ұлына. 
Қалар болсаң қапияда жасып сен, 
Кеше қоймас қайран Дала ашық, кең, 
Өзгелердің бопсасында кететін 
Екіжүзді, әлде, даңғой пасық па ең?! 
Қайран, халқым, мен өзіңе ғашық ем, 
Сен мен үшін баға жетпес асыл ең. 
Өрттей лаулап өзіңе егер сүйенсем, 
Көкте қыран, жарқылдаған жасын ем. 
Жамандыққа қимасам да тегінде, 
О, бауырым, келер ойлар көңілге. 
Жарқылдап шық мынау жаңа өмірде, 
Жайбарақат жүретұғын жөнің не? 
Ей, қазағым, еңсе тікте, көтеріл, 
Баста алға мәрт боп туған бекем ұл. 
Дауыл болсақ, дуылдасақ бас қосып, 
Дәулерің де айыл жияр нешебір. 
Тіршіліктен не пәтуә тым-тырыс, 
Сұр аспандай боп жүрмейік тоң-торыс. 
Туған елдің қамын ойлап, сілкініп, 
Санамызда жасалық сан төңкеріс! [3, 64-65] 
Маңғыстаулық ақын, бірнеше кітаптың авторы Ерекен Қорабаевтың «Біреу 
болса, өмірім, өлең – жалғыз!» өлеңі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі 
секілді. 
Неге менің алып жүр мазамды өлең? 
Беруіндей беріп жүр жазамды өлең. 
Өлең деп жүр еншісі «екіестінің», 
Адам болсам, «дені сау» жазам ба өлең? [4,36] –
деп Абай ойын толықтыра түседі. Өлең жазу екіестінің немесе еріккеннің емес, 
естінің ісі екенін жеткізеді. 
«Күз жайлы бір өлең» атты күз мезгілі туралы қалам тартқан Ерекен ақынның 
өлеңі: 


48 
Қара нөсер жаңбыры, тұманы бар, 
Жанды жел ұйытқып соғып тынары бар. 
Әлемді сары алтынға малындырған, 
Күздің де өз өрнегі, жыр-әні бар. 
Кеудеңде саф ауадан тұнады бал, 
Күздің де жанды жылтар шуағы бар. 
Шешелер ұршықтарын соза түсіп, 
Күнгейде сөз дүкенін құрары бар. 
Жосады құлан жортып қырдан құмға, 
Ұшады қыран қалқып құздан-құзға, 
Сырбаз жігіт жабады желбегейін, 
Тоңбаса да тоңған боп тұрған қызға. 
Дегендей Арқа беттен келіп едік, 
Шаңытар сахараны желіп елік, 
Аулақта жылқылар жүр шалып оттап, 
Шіліңгір шілде өткен соң жері кеңіп. 
Жайлана атқан шақта күзгі бір таң, 
Жәй ғана көтерілер күнді ұнатам. 
Әйтеуір, бораны мен аптабы жоқ, 
Мен өзім таңы жайсаң күзді ұнатам! [4,37]. 
Екі заман ақынынан да кейіптеуді және өлеңде адамның күздегі тыныс-
тіршілігінен хабардар еткендігін, күз туралы өз сезімдерін де байқауға болады. Ерекен 
ақын да күз туралы екі өлең жазды, екінші өлеңі «Қоңыр күзім, келдің бе, қоңырым-
ай!» деп аталады. 
Маңғыстауға танымал ақын Бірғали Байекеевтің «Шыдамдылық» өлеңінен Абай 
қарасөзіндегі айтып кеткен ойлардың жалғасы немесе жаңа сипаты деп қабылдауға 
болады. Мысалы: 
«Керімге» жағынбай, дұшпанға бағынбай, 
Жылтырақ тағынбай, мақтанға салынбай 
Қырсыққа қалынбай, айғырдай шабынбай, 
«Мықтыға» алынбай, жақсыға тарылмай, 
Мыжыңға жарылмай, өнерден арылмай, 
Шындықтан жаңылмай, наданға табылмай, 
Жалқауға жалынбай, сыпсыңға қабынбай, 
Түнектің шамындай, ерлерше жалындай, 
Биікте дабылдай шыдаумен келемін [5,78], –
деп, Абай қарасөздерінің ренессанстық сипатын өлең түрінде жеткізеді. 
Қазіргі қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосып жүрген тағы да басқаМаңғыстаудан 
шыққан ақындар өте көп. Жаңаша сипат алған Абай өлеңдерінің сарыны мен 
құрылымын қазіргі ақындардың өлеңдерінен байқауға болады. Соған қарағанда, 
Абайдың қозғаған тақырыптары неше ғасыр өтсе де ескірмек емес.
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 
1998. 
2.
Назарбекұлы С. Өлеңдер жинағы. Бірінші кітап.Алматы: Өлке, 2000. – 365 б. 
3.
Әріп Ғ. Рух жанартауы. Алматы: Нұрлы әлем, 2009. 232 б. 
4.
ҚорабаевЕ. Маңғыстау әзілдері. Алматы Нұрлы әлем, 2016. - 235б. 
5.
Байекеев Б. Кісілік кілті. Алматы: Үш Қиян, 2003. – 280б. 
6.
Абай шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы: Жазушы, 1995.


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет