Мазм ұ н ы Кіріспе



бет36/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
мустапаева

ҚОРЫТЫНДЫ

Біз өз зерттеу жұмысымызда осы салада пайдаланатын ұғым, түсініктердің мәнін ашып, өзектілігін дәлелдедік. «Дарындылық», «оқытуды бағалау», «оқуды бағалау» тағы басқа ұғымдарға дара тоқталдық.


Ғалымдар дарындылық ұғымын қаншалықты зерттесе де, осы күнге дейін оның тұрақты анықтамасын бере алған жоқ. Дарындылықтың маңыздылығы туралы көзқарастар да әр түрлі екенін анықтадық. Талант пен дарындылықты бағалауда критериалды бағалау жүйесінің тиімділігін қарастырдық.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Бүгінгі күнде оқытуды бағалау және оқуды бағалау мәселесі түбегейлі қолданысқа енбеген. Арнайы ұйымдастырылған оқыту процесінің өзі оқытушы мен дарынды оқушының арасындағы бақалаудың түрлі әдіс-тәсілдерінің тиімділігін көрсетіп отыр.
ХХІ ғасырдағы білім беру талантты және дарынды балаларды айқындау мен білімін бағалаудың жаңа жолдарын талап етеді. Талантты және дарынды балаларды оқыту үрдісінде суммативті және формативті бағалау мәселесі әрі қарай зерттеуді қажет етеді. Бұл көпжақты, көп құрылымды, көп сипатты мазмұнды да, мәнді де, құрылымы мен даму бағыт-бағдары әлі де көптеген ізденістерді қажет ететін, шеті табылмаған жұмбақты құбылыс пен процестің бірі болып табылады.
Әдебиеттерге шолу жүргізу, бізге критериалды бағалау мәселесін әр түрлі көзқараста жүргізуге көмектесті. Берілген жұмыста талант пен дарындылықтың оқушыларда қалыптасуы мен дамуына, оларды оқыту үрдісінде бағалау жолдарына көңіл бөлінді. Бұл зерттеу жұмысы оқытуды және оқуды бағалау мәселесі бойынша көптеген сәйкес жұмыстарды толықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет