Мазм ұ н ы Кіріспе


Мұғалімнің бағалаудағы рөлі



бет35/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Байланысты:
мустапаева

Мұғалімнің бағалаудағы рөлі

Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мен педагогикалық риторика сабағында бағалаудың келесі түрлерін тиімді деп алып, сабақ барысында 2 – курс студенттеріне қолдандым: бірін -бірі бағалау; өзін -өзі бағалау; топтардың бірін- бірі бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құру және сол критерийлер арқылы топбасшысы топ мүшелерінің балдарын кестеге қойып отырады және оны бағаға айналдырады; тестер; Сұрақтар (жіңішке, жуан).
Осы сабақтағы таңдап алған тақырыбым: «Шешендік өнер. Ораторлық қасиет» болғандықтан, сабақ жоспарларым көбіне осы тақырыпқа негізделіп құрылған еді. Сол себепті жұптық жұмыста тек қана жұптық жұмыс орындамай, бірін -бірі бағалауды қолдандым. Бірін- бірі бағалауда келесі шарттар орындалуы керек еді:
1) менің көршім тақырыпты меңгеруде маған жақсы көмектесті (үйреніп жатқан тақырып бойынша ортақ сұрақтарға көмектесті, мысалдар келтіріп, термин сөздердің мағынасын толық түсіндіре білді)-3балл;
2) менің көршім ортақ сұрақтардың бір бөлігіне жауап берді, жаңа сөздерге аздап анықтама бере алды;-2балл:
3) менің көршім тақырып мазмұнын ашуда аздап қана көмектесе алды-1 балл;
4) менің көршім маған көмектесе алмады-0 балл - деген балдарды қойып көршісін немесе серігін бағалап отырады.
0 балл-«2», 1 балл-«3», 2 балл-«4», 3 балл-«5»
Өзін – өзі бағалауда оқушы әрбір дұрыс орындаған тапсырмасын 1-балдан қойып отырады; бұрыс орындалған тапсырмаға – 0 балдан қояды. Бұл тәсілді көбіне мен үй тапсырмасын сұрауда, қорытуда қолдандым. Топтардың бірін-бірі бағалауында топтар бір -бірінің орындаған топтық жобаларын қаншалықты мазмұны мен мағынасының ашылуына байланысты стикерлермен баға қояды және қысқа тұсініктеме береді. Бағалау критерийлері бойынша бағалауында көбінесе толық сабақ тапсырмаларына байланысты мұғалім мен оқушылар бірге бағалау критерийлерін жасап шығады және әр тапсырмаға 1-балдан қойып отырады, әрбір тапсырмадан кейін топбасшы қай оқушы қаншалықты өз үлесін қосты және қанша балл алғанын жариялап отырады. Сонда әр оқушы сабақтағы әр тапсырманы орындаудағы белсенділік дәрежесін біліп отырады және одан әрі не істеу керектігін ойланады екен.
Бағаны жинақтау жүйесін мынадай кесте түрінде құрдым:
Оқушының аты жөні, тобы, курсы, пән аты

  • Топ құру, таныстыру т.б.

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Мәтінмен өз бетінше танысу

  • Жұптық жұмыс, топтық жұмыс

  • Кластермен жұмыс, посермен жұмыс, жаттығулар шешу

  • Сабақты қорыту

  • Рефлексия

  • Жалпы балл

  • Баға

    Сабақтың рефлексия кезеңінде: «Мен бүгін не үйрендім!», ББҮ-кестесін толтырғыздым; сабақты қорытындылау кезеңінде смайликтер арқылы, білім ағашына бүгінгі сабақ туралы ой пікірлерін жазып жабыстырады, бұл кері байланыс еді. Сабақ соңында осы смайликтердің кейбірінде: «бүгінгі сабақ кешегіден де қызық болды, рахмет!», «маған бүгін мынандай тапсырма немесе сұраққа жауап беру қиын болды!», «маған бүгін сабақтың мына жері ұнамады!» деген сияқты өз ойларын еркін жазатын еді. Смайликтердегі үсыныстарды оқып болғаннан кейін келесі сабақ құрылысына өзгертулер енгізген кездерім де болды.


    Нәтиже: сабақты өту барысында қолданған формативті бағалаудан мынадай нәтиже көре алдым: шынайы бағалай алды, бір – біріне деген сыйластық пен сенімділік орнады, өздерін еркін сезінетін болды, қателіктерін көре білді және оны өз уақытында түзетудің жолдарын іздеп өз бетінше жоюды үйренді. Осының нәтижесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы артты, алған білімдерін өмірде еркін қолдана алатын болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет