Объектілерді құру және жоюға есептер шығару Программалауды жеңілдету үшін 1980-жылдары объект, оқиға, объект қасиеті, классжәнеәдіс ұғымдары енгізілген объектіге бағдарланған програмалау тәсілі негізге алынды,мұндағы:
§ объект –түрлі мәндердің қасиеттері мен әдістерінің жиынтығы;
§ оқиға –программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі;
§ қасиет – объект сипаттамалары (параметрлері);
§ класс – өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұратын өңдеу әдістері мен қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер жиынтығы;
§ әдіс –класстың өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар мен функциялар.
Delphi осы негізде дайындалған программа, объектілі-программалауда барлық класстар иерархиялық түрде негізгі TОbjectкласынан тарайды, сол себепті Delphi программалау тілінде класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. TForm1 = class (TForm)жазуы TForm класының үлгісімен құрылатын жаңа ( туынды ) TForm1класын анықтайды.Form1: TForm1 жолындағы Form1 айнымалысы – класс данасы блып табылады. Объектіге бағдарланған програмалауда класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.
Мұрагерлік – программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық класстарда сақталуы, Delphi-дің барлық класстары TObject классына еншілес.
Инкапсуляция (ішінде, біртұтас) - класс өрістерінің, қасиеттері мен әдістерінің бірлігінен тұрады, оларды біртұтас құрастыру инкапсуляция деп аталады.
Полиморфизм(көптүрлілік) – мұрагер класстардың түпкі классқа енгізілген әдіс атауы бойынша әр түрлі класстарда түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі.
Delphi программасы кәсіби программалаушыларға арналған көп терезелі жүйе. Ол алты терезеден тұрады:
1.Негізгі терезе (Delphi 7 - Project1);
2.Объект бұтағын барлаушы терезе (Object Tree View);
3.Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);
4.Формалар конструкторы терезесі (Form1);
5.Код редакторы терезесі (Unit1.pas);