6.Код сілтеуіші терезесі (Exploring Unit1.pas);
Негізгі терезе -бас (негізгі) мәзірден, аспаптар панелінен және компоненттер политрасынан тұрады (15.1-сурет), мұндағы:
ü негізгі мәзір - функцияның көлемді командалар жиыны;
ü аспаптар панелі - негізгі менюдің сол жақ төменгі жағында орналасқан компоненттер жиыны;
ü компоненттер палитрасы - негізгі менюдің төменгі оң жағында орналасқан компоненттер жиыны.
15.1-сурет. Негізгі терезе кескіні
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына енетін аспаптар панеліне қажетті командаларды орындайтын стандартты батырмалар орналастырылған, олар:
- - Жаңа (New);
- Ашу (Open);
- Сақтау (Save);
- Жобаны ашу (Open Progect);
- Форманы көрсету (View Form);
- Іске қосу (Run);
- Үзіліс (Pause);
- Жобаға файл қосу (Add file Project), т.б.
Компоненттер палитрасы - программа кітапханасындағы программалау ортасымен бірігіп бір іс-әрекетті орындайтын дайын программалар үзінділерінен тұратын компоненттерден жинақталған. Компоненттер Форма терезесіне орнатылады.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library)деп атайды, онда түрлі класстық көптеген стандартты компоненттер жинақталып, түрлі атаулармен он тоғыз бетке орнатылып қойылған. Мысалы: StandardжәнеAdditionalбеттеріне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланады, Systemбетіне OLE (байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген, олар: Timer – нақты уақыт аралықтарын есептеу, Paint Box – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру, OLE Container – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері, Media Player – мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару компоненті. Win32бетіне енгізілген компоненттердің бірі– Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) – қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент Формағаорнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады. Delphi-де дайындалатын программа жоба(проект) деп аталады. Delphi ортасында құрылатын программалар жобаға біріккен бірнеше элементтерден тұрады, жақша ішінде кеңейтілген файл аты (файл типі) көрсетілген. Олар:
· Жоба коды (dpr);
· Форманы сипаттау (dfm);
· Форма модулі (pas);
· Модульдер (pas);
· Жоба параметрі (dof);
· Ресурстарды сипаттау (res);
Жоба файлдарының арасындағы байланыс 15.2-суреттегі түрдегідей:
15.2-сурет.Жоба файлдарының өзара байланысы
Delphi тілінде программа құру процесі екі қадамнан тұрады - алдымен Форма терезесінде программалауға қажетті компоненттерді орнатып, программаның формасын құру және Формаға оқиғаны өңдеуші процедураларды жазу.
Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі, кейбір жағдайда экранда Форма терезесінің көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті. Форманың және Формаға енгізілетін компонеттердің түрлі қасиеттері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |