Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және



бет140/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері

Тергеу үстінде жасалған қылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе – ақиқат өлшемі және дүние танымның қайнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердін, және кейбір іске керекті айғақтардың ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты қылмысты істер жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін арнайы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.


Тергеу эксперименті дегеніміз ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.
Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, көріністері ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.
Тергеу эксперименті – іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдық әдісті қолданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның басқа әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жәйттерді сырттай бақылап қана қоймайды, сонымен бірге оны бірнеше қайтара бастапқы қалпына келтіру арқылы өз болжауын нықтай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шектеу шарттары қойылады: тергеу эксперименті кезіндегі мұндай тәжірибе адамның денсаулығына нұқсан келтірмеуі, оның өміріне қатер төндірмеуі тиіс. Сонымен бірге ол экспериментті өткізуге қатысып жүргендердің құқығын бұзбайтындай, оларды қорлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.
Эксперимент арқылы іс бойынша жинақталған кейбір дәлелдемелердің, мәліметтердің шындығы ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірленушінің, куәгердің, айыпкердің жауаптарында, сондай-ақ басқа да қосымша айғақтарда келтірілген мәліметтердің шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, оқиғаның қалай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.
Тергеу эксперименті – өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан өзара ұштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сияқты тергеу экспериментінің де басты міндеті – іске қатысты қылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, өзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.
Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі – кейбір құбылыстың не әрекеттің айтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жоқ па, соны анықтау. Яғни, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір қашықтыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның қолынан келе ме, қоймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жоқ па, міне осындай толып жатқан сұрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.
Тергеу экспериментінің екінші түрі – белгілі бір жағдайда қашықтықта болған окиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау.
Эксперименттің үшінші түрі – із қалдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.) сипатын, оның механизмін анықтау. Тергеу экспериментінің бұл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан криминалистикалық сараптаманың кейбір түрлеріне жуықтайды. Алайда, із қалдыру сипатын анықтау үшін ғылыми саралаудың қажеті жоқ, экспериментті тергеушінің өзі жүзеге асырады.
Жекелеген тәжірибелерді жүргізуге, қажет болған жағдайларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенің мән-мазмұнына, эксперименттің түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәгерді алмастырған болса ол тиісінше алмастырылатын адамға барлық белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру қабілетімен, т.б.) міндетті түрде ұқсауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет