Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары



бет137/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Оқиға болған жердің толық, пәрменді және дұрыс қаралуы тергеушінің осы тергеу әрекетіне ұқыпты дайындалуына тікелей байланысты.


Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:
1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;
2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;
3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.
Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне қылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.
Оқиға болған жерді қарайтын тергеу тобын құрғанда тергеуші қарауға қандай мамандар қатынасуы керек екендігін алдын ала анықтайды. Егер оқиға болған жерде мәйіт бар болса, онда қарауға міндетті түрде сот-медициналық эксперті не арнайы медициналық білімі бар адам қатыстырылуы керек. Іздерді және басқа да заттай дәлелдемелерді іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін қарауға маман-криминалист қатыстырылады. Қаралатын объектілердің ерекшеліктеріне байланысты басқа да мамандардың қатысуы мүмкін.
Қарауға пайдаланылатын құрал-саймандарды дайындау үстінде тергеуші тергеу чемоданының ішіндегі жабдықтардың толық болуын, жарамдылығын тексереді. Осындай дайындық жұмыстарын бітіргеннен кейін тергеуші жедел оқиға болған жерге шығуы керек.
Оқиға болған жерге келісімен тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын жүргізеді:

  • жәбірленушінің хал-жағдайы анықталып, керек болса оған жедел медициналық жәрдем көрсетіледі;

  • оқиға болған жердің шекарасын анықтайды;

  • полиция қызметкерлерінің және басқа да лауазымды адамдардың баяндауынан оқиға болған жерде қандай өзгерістер болғанын біліп, егер оқиға болған жерде өзгерістер болса, олардың қандай себептен болғанын анықтайды;

  • қылмысты көзімен көрген куә адамдарды сұрау арқылы, оқиға жөнінде деректі мәліметтер алады;

  • керекті жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу жөнінде полицияға және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне нұсқау береді;

  • қарауға қатынасатын куәгерлерді анықтап, оларды заңда көрсетілген құқықтары және міндеттерімен таныстырады, арнайы нұсқау береді;

  • тергеу әрекетін қарауға қатысы жоқ бөтен адамдардың бұл жерден кетуін талап етеді;

  • жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне арнайы дайындығы бар, үйретілген итті пайдалану арқылы қылмыскердің ізіне түсіп, оны ұстауға нұсқау береді.

Жоғарыда көрсетілген және де оқиғаның ерекшелігінен туындайтын басқа да дайындық жұмыстарын бітіріп, тергеуші оқиға болған жерді қарауға кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет