Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі



бет134/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардың тергеу үстінде қалыптасатын қарым-қатынасының түсінігі қылмысты істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмысты алдын алуға бірлесіп, іскерлікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бұдан бұрынғы жедел-іздестіру жұмыстары жөнінде заңда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтылған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөніндегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі – қылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, қандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.
Тергеуші мен анықтама жүргізуші органдардың арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-қатынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бұл мәліметтер тергеушінің қылмысты қозғау кезеңінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдайда тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органдарының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәліметтерді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, жедел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны осы екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиға болған жерді қарап жатқанда, анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлері қылмыскердің кім екенін анықтап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және басқа да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты қарым-қатынасы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын құрумен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатталады.
Тергеу үстінде осындай тұрақты қатынаспен бірге, көбінесе жеңіл қылмыстарды тергегенде, эпизодтық, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстық заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталық, қылмысқа сезікті адамның тұрмыс жағдайын, кіммен қарым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және қай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Осымен қатар тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.
Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру органдарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі бұл тергеу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет