Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары



бет145/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек.


Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек.
Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет.
Дайындық жұмыстары толық аяқталысымен тергеуші, жедел топқа кіретін адамдар тінтілетін үйге келеді. Осы тінтілетін жерге тосыннан, күтпеген мезгілде келу үшін де белгілі бір тактикалық әдістер қолданылады. Тінтілетін үйге жақындағанда жедел топтағы адамдар бөлініп, осы нысанға жан-жақтан жеке-жеке келуі тиіс. Үйге жақындар алдында үйдің маңайында бөтен адамдар бар ма, жоқ па, соны абайлап қарау қажет. Тінтілетін пәтер көп қабатты болса, бір қабат жоғары өтіп кетіп, тосу керек. Есік жабық болса, қағып, не қоңырау беріп, егер жөн сұраса бір басқа себеппен келгенін айту керек, коммуналды мекемеден келген лауазымды адам болып, не басқа бір себеп келтірген жөн. Өйткені тінтілетін адам кімнің келіп түрғанын алдын ала білмеуі шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет