Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет144/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

ІV-ТАРАУ.
ТІНТУ ТАКТИКАСЫ



§1.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері

Қандай қылмыс жасалса да қылмыскер осы қылмыстың ашылуына, оның ізін жасыруға әр түрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, заттай дәлелдемелерді тығып, жоқ етуге тырысады. Сондықтан тергеу қызметкерлерінің міндеті – қалай болғанда да кылмысты ашуға керекті дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алу. Осындай заттай дәлелдемелерді тез арада тауып алып, қылмысты ашуға көмектесетін тергеу әрекетгерінің бірі – тінту.


Қылмыстық іс жүргізу заңында тергеудің бұл әрекетіне түсінік берілмеген. Заңда егер істің мән-жайына байланысты заттай дәлелдемелерді қылмыскер не басқа адамдар өз еркімен бермесе, олар тінту жүргізу арқылы алынады деп қана көрсетілген. Тінтуді уақыт өткізбей, дер кезінде жүргізу керек. Сонда ғана іске керекті деректерді тауып алуға болады. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті.
Кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы – осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді.
Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анықтауға бағытталады.
Тінтудің мақсаты – әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу.
Кейбір авторлар тінту әрекетін жедел-іздестіру әрекеті ретінде қарастырады. Тінтуді жедел-іздестіру әрекеті деп санауға болмайды. Жедел-іздестіру әрекеті, әрине тінту үстінде, тіпті тінту басталғанға дейін де жүргізіледі. Оның мақсаты – тергеушіге тінтуді сапалы жүргізуге керекті деректер тауып беру, атап айтқанда қандай зат қай жерде болуы жөнінде, тінтілетін адамда қару бар ма, жоқ па, тінтуді жүргізуге керекті мәліметтер жинап, тауып беру. Сондықтан жедел-іздестіру жұмыстарын тінтумен тұтас күйде қарауға болмайды.
Тінтудің басқа тергеу әрекеттерінен айырмашылығы – оның еріксіздігі.
Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол – жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай нысандар жатады. Ол – қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. Іске қатысы болмаса да тінту кезінде табылған, жеке азаматтардың ұстауына болмайтын, заң бойынша тыйым салынатын объектілер – есірткі заттар, порнографиялық суреттер, қопарғыш заттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет