Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары



бет141/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары
Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде – эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.
Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін. жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.
Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.
а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру.
Эксперимент болып өткен белгілі бір оқиғаны, әрекетті қайта тудыру, сөйтіп, істі тексеру барысында ақиқатты анықтау мақсатын көздейді. Бұған мұқият дайындалу арқылы қол жеткізуге болады.
Эксперименттің түрі мен мақсатына сәйкес ұқсас жағдайлар ретінде – қылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұқсас заттар ретінде – қылмыс жасалған кезде қолданылғандай материалдар, құрал-жабдықтар түсіріледі.
Ұқсас жағдайды эксперименттің түрі мен мақсатына орай тергеушінің өзі тандайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы, болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бұған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нұқсан келтіруі мүмкін.
Айталық, экеперимент кезінде нақты оқиғаға орай уақыттың (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайының, жарықтың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану қабілетінің, бақыланатын объектінің қашықтығының және оның сыртқы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушының қалпының (тұруының, отыруының, жатуының), бақылаушыға кедергі келтіретін жәйттердің (мысалы, автомокөліктің, поездың қозғалысы), қабылдаудың ұзақтығы айрықша мәнге ие бола алады. Ұқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталық, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нақ сондай уақытта қол жеткізуге болады. Мұндайда тергеушіге ұқсас жағдайларды қолдан жасап бас қатырудың қажеті жоқ, өйткені ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мұндай әдіс, эксперимент кезінде қайсыбір құбылысты айнытпай санада қабылдап алу мақсатын көздейді.
Жағдайды, оқиға болған жерді тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін бұрынғы қалпына келтіру жолымен де ұқсастыруға болады.
Тергеу, ішінара айтқанда, тергеу эксперименті кезінде бұрынғы жағдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиғаны немесе жағдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жасау. Мұндай жағдайды қайта қалпына келтіру үстінде, кейде өте күрделі реконструкциялық жұмыстар жүргізіледі.
Бұл жүргізілетін дайыңдық жұмыстардың күрделігі тергеу экспериментін өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне және эксперимент үстінде шешілетін сұрақтардың ерекшелігіне байланысты.
Тергеу экспериментінің түрі мен мақсатына сәйкес жағдайды байырғы қалпына келтірудің;

  • жағдайды алғашқы қалпына келтіру (заттарды қылмыс жасалған кезде тұрған күйінде қою);

  • бұрынғыларының орнына пайдаланылатын заттарды қалпына келтіру (қылмыскердің қаруларының үлгілері, өрт қоятын құралдар т.б.);

  • жоғалған, жарамсыз болып қалған немесе заттық айғақтардың орнына жүретін заттарды (мысалы, қаруды) іріктеу сияқты түрлері бар.

Тәжірибеде жағдайды байырғы қалпына келтірудің басқа да түрлері кездеседі. Айталық, участікты алғашқы калпына келтіру үшін кей жағдайда күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңқыр жасау, я қазылып қойған шұңқырға топырақ салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, алып тасталған қабырғаны қайта көтеру т. б.).
Қалпына келтіру барысында кей жағдайда өзгерістер де енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ойластырылмаған, кездейсоқ (мысалы, оқиға болған жерде адамдардың байқаусыз қимылдарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ойластырылған, полиция қызметкерлерінің өздері жүргізетін (мысалы, көлік апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек көрсету кезіндегі) өзгерістер түрінде болады.
Жағдайды қалпына келтіру кезінде объектінің бұрынғы қалпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бұл жөніндегі деректер оқиға болған жерді және жекелеген заттарды тексеріп, оны хаттау кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, схемалардан, жерге орналастыру жоспарларынан, ғимараттың әр қатарының жоспарынан және басқа да құжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген заттардың байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анықталып, нақтылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа құжаттарда келтірілген деректерді мұқият салыстырып, ондағы кездескен қарама-қайшылықтардың анық-қанығына мұқият көз жеткізу керек. Шытырман жәйттерге кездескен кезде тергеушінің ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот-дәрігеріне, өрттен сақтандырушыға, құрылыс инженеріне, т.б.) жүгінгені жөн. Ал егер қалпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, қайсыбір құрал-жабдықтарды пайдалану қажет болса, тергеуші мұндай қажеттілікті дәлелдеп қағазға түсіріп, арнайы қаулы шығаруы тиіс.
ә) Тергеу экспериментіне қатысушылар.
Эксперимент жүргізу жөнінде шешім алысымен тергеуші осы тергеу әрекетіне қатынасатын адамдарды да белгілеп алуы керек.
Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тергеу экспериментіне қатысушылардың екі түрі қарастырылған – міндеттелетін және міндеттелмейтін қатысушылар. Тергеу экспериментіне міндетті түрде қатысушылар – тергеушілер. Тергеуші экспериментті әзірлейді, тәжірибелі іс-қимылымен оған басшылық жасайды, оны өткізу, қайтадан өткізу қажеттігін анықтайды, экспериментті өткізуге қатысты барлық ұйымдық және іс жүргізу мәселелерін шешеді. Кейбір жағдайларда экспериментті жүргізетін тергеушіге көмекке басқа тергеуші немесе полицияның жедел қызметінің қызметкері бөлінуі мүмкін.
Экспериментке айыпталушы, сезікті, куәгер, жәбірленуші, маман, сондай-ақ қорғаушы міндеттелмей-ақ қатыса алады. Экспериментті жүргізу кезінде оған прокурордың да қатысуына болады. Айыпталушы (сезікті) тергеу экспериментіне оның тәжірибе жүргізу мүмкін болмаған (мысалы, ол кәсіби дағдыны игерген бе, жоқ па, соны анықтау үшін) немесе тергеуші, ішінара айтқанда, іс-қимылды өзгерту немесе басқалай әзірлік әрекеттеріне қажет деп есептеген жағдайда қарастырылады. Алайда, айыпталушы экспериментке ерікті түрде қатыстырылуы тиіс. Оны жауапты істерге күштеп қатыстыруға жол берілмейді. Куәгерлер мен жәбірленушілерге қатысты мәселе де осылай шешіледі.
Маман тергеу экспериментінің бір мүшесі ретінде тергеушінің жағдай өзгерген кезде тиімді шешім қабылдауына, кейбір жағдайларды шешуге арнайы білім қажет болғанда, іс-қимылды ақылмен жүргізуіне көмектесуі үшін қатыстырылады. Ал маман-криминалист фотосуреттерге немесе кинобейнелерге, дыбыс жазбаларына қатысты мәселелерге орай кәсіби көмек көрсетеді.
б) Керекті техникалық құрал-саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындау.
Дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде тергеуші эксперимент өткізуге қандай құрал-саймандар керек екендігін алдын ала шешіп, осы керекті техникалық саймандарды және басқа да жабдықтарды дайындап алуы керек. Мысалы, тергеу экспериментін жүргізуге өлшеу құралдары, фотоаппарат, бейнежазба, кейбір қосалқы құралдар да керек болуы мүмкін. Сондықтан осының бәрін алдын ала анықтап, керекті құрал-саймандарды тергеуші тергеу экспериментін өткізетін жерге шықпай тұрып дайындап алуы керек.
Күрделі жағдайларда тергеуші арнайы жоспар жасауы тиіс. Ол жоспарда тәжірибенің өткізілетін жері мен уақыты, қатысушылардың құрамы, олардың міндеттері мен байланысы нақтыланып керсетіледі. Ал, эксперимент өткізілетін жерге келгеннен кейін тергеуші қылмыс жасалған уақыт пен эксперимент жүргізілетін уақыт аралығында жағдайға қайсыбір өзгерістер болса, онда ондай өзгерістер фотосуреттің көмегімен хаттамада көрсетіледі. Сондай-ақ, тергеуші эксперимент нәтижесінде анықталған жәйттер мен қылмыс жасалған кездегі жәйттердің сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін тексереді.
Экспериментке қатысушыларға олардың эксперимент кезінде орындайтын міндеттерінің мән-мазмұнын түсіндіреді. Алайда, мұндайда эксперименттің болашақ нәтижесі туралы сөз болмауы және тәжірибе алдын ала сипатталмауы тиіс. Яғни, тәжірибеге қатысушыларға олардың қай жерде болуы, қандай нәрсеге назар аударуы қажеттігі ғана айтылады, экспериментке қатысушылардың өзара үйлесімді қызметінің әдіс-тәсілдері айқындалады.
Тәжірибе жүргізуге қажетті заттай дәлелдемелердің немесе олардың орнын алмастыратын заттардың жеткіліктілігі, сақталуы мен тәжірибеге жарамдылығы тексеріледі. Экспериментке қатысушылардың барлығына да бұл тергеу әрекетінің мәні мен нәтижесі жайлы ешкімге жария болмауы мұқият ескертіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет