Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ ТАКТИКАСЫ



бет152/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

VI-ТАРАУ.
ТАНУ ҮШІН КӨРСЕТУ ТАКТИКАСЫ



§1. Тану үшін көрсетудің түсінігі, міндеттері және түрлері

Қылмыстық істерді тергегенде кей жағдайда жеке адамның, заттардың, бұйымдардың және басқа да объектілердің осы тергеліп жатқан қылмысқа байланысын анықтау үшін оларды жәбірленушіге, куәге тану мақсатымен ұсынып, көрсетуге тура келеді. Бұл объектілерді тану үшін көрсету тергеу әрекетінің қылмысты ашуда, іске керекті дәлелдемелерді тауып, жинауда маңызы зор. Себебі осы әрекет арқылы қылмыс жасаған адамның кім екені анықталады, іс бойынша қажетті заттай дәлелдемелер табылады. Бұл тергеу әрекетінің мағынасы – ол қылмысқа байланысты бұрын көрген объектіні танушы адамның өзінің ойында қалған осы объектінің белгілері бойынша танып, айыруы. Яғни, психологиялық жағынан алғанда бұл да криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі. Мұнда да танушы адам өзіне көрсетіп отырған объектідегі белгілерді, өзінің бұрын көрген объектіні ойында қалған белгілерімен салыстырып, теңдестіріп, сол бойынша мына көріп тұрған объектісі бұрын көрген объектінің нақ өзі, немесе ол еместігін айырып, шешуі керек.


Тану үшін көрсетілетін объектілер қатарына жататындар: адамдар, мәйіт, зат, бұйым, мал, кей жағдайларда пәтер, бөлме не жеке бір жерлер де көрсетілуі мүмкін.
Тану үшін көрсету дегеніміз ол жәбірленушіге, куәге, сезікті адамға немесе айыпкерге белгілі бір объектіні көрсету арқылы, осы объектіні оның бұрын көрген не көрмегенін анықтап, егер көрген болса, қашан және қандай жағдайда көргендігін, оны нақты қандай белгілері бойынша танитындығын айырып, шешу үшін жүргізілетін заңда көрсетілген тергеу әрекеті.
Бұл тергеу әрекетін өткізудің қажеттігі тергеу үстінде алынған жауаптан туындайды. Сондықтан бұл тергеу әрекетінің жауап алумен көп ұқсастығы бар. Тіпті, бұрынырақ бұл тергеу әрекеті жауап алудың бір түрі есебінде саналып жүрді. Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінде бұл тергеу әрекеті адамның кім екені, яғни, заттарды танытқанда жауап алу деп аталып, жауап алудың бір түріне теңестірілді. Бірақ бұл тергеу әрекетін өткізудің психологиялық процесіне талдау жасасақ, ол криминалистикалық идентификациялау процесінің бір түрі ретінде идентификациялық қағидалар тұрғысында өткізіледі. Бұл тергеу әрекеті объектілерге тән белгілерді теңдестіруге негізделеді. Әдетте, көзбе-көз көріп тұрған белгілерді салыстыру арқылы идентификациялық сұрақ шешілмейді. Салыстыруға негіз есебінде алған белгілердің бір тобын танушы адам көзбе-көз көріп тұрса, салыстыруға қолданатын екінші белгілер, олардың бейнесі жаңағы танушы адамның ойында. Сол ойында қалған белгілерді көріп түрған белгілермен салыстыру арқылы танушы адам осы салыстырып отырған объектіні бұрын көрген не көрмегендігін шешеді. Тануға байланысты мұндай психологиялык процеске әр түрлі факторлар, себептер әсер етеді. Айталық, танушы адам осы тану үшін көрсетіліп отырған объектіні қандай жағдайда, қандай қашықтықта көрді, көргенінен бері қанша уақыт өтті, осыны көрген танушы адамның денсаулығы, эмоционалдық жағдайы қандай болды және т.б. Осылардың бәрі тану мүмкіндігіне көп әсер етеді. Сондықтан тану үстінде осы жағдайлардың бәрі ескерілуі қажет .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет