Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту



бет160/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§9. Тану үшін көрсетудің нәтижелерін бекіту

Тану үшін көрсетудін барысы және нәтижелері туралы хаттамада жазылады. Хаттама үш бөліктен – кіріспеден, баяндау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде объектіні тану үшін көрсетілген жер мен уақыт, бұл әрекетке қатысқан басқа да адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі. Онда сондай-ақ көрсетуге ұсынылған ұқсас адамдар мен заттардың сыртқы белгілері суреттеледі. Хаттаманың бұл бөлігінде қатысушыларға бұл тергеу әрекетінің мәні түсіндірілгені, куә мен жәбірленушінің жауап беруден жалтарғаны немесе жалған жауап бергені үшін жауапты екендігін ескертілгені туралы айтылады. Жауап диктофон жазбасына жазылатын болса, бұл туралы да танушыға ескертілгені баяндалады.


Хаттаманың баяндау бөлігінде тану үшін көрсетілген жердегі жағдай, көрсетілген адамдардың (заттардың, малдардың) қалай орналастырылғаны, жарықтың қалай түскені мен күші, уақыты туралы мәліметтер жазылады. Одан әрі танушының, дәлелдемелері қағазға мүмкіндігінше егжей-тегжейлі түсіріледі. Тергеушінің ақиқатты анығырақ аша түсу үшін қойған сұрақтары, әдетте, хаттамада көрсетілмейді, ол жалпы әңгіме түрінде беріледі. Егер объект танылмаса хаттамада мұны танушының баяндағаны айтылады. Айталық: ол мұнда ізделген объектінің жоқтығынан әрекетке қатысушылардың бірде-бірі оны танып, көрсете алмады немесе ешкім объектіні есіне түсіре алмады десе мұның бәрі танушының айтуымен, бірінші жақта беріледі.
Хаттаманың қорытынды бөлігінде қолданылған ғылыми-техникалық құрал-жабдықтар туралы көрсетіледі. Бұл бөлікте қатысушылардың тану үшін көрсету кезіндегі тергеушінің әрекетіне және басқа да жекелеген жағдайларға байланысты ескертулері айтылады. Мысалы, танушы хаттамада танудың дұрыс-бұрыстығы туралы жазылғанын қаласа, ол қысқаша түрде көрсетілуі тиіс, хаттамаға тергеу әрекетіне қатысушылар қолдарын қояды. Хаттамаға тіркелген фотосуреттер кестеленіп, оны тергеуші куәландырады.
Әртүрлі объектілерді тану үшін көрсетудің нәтижелері бойынша сезік келтіруші мен айыпталушының айыбын ашатын немесе ақтайтын дәлел де, жанама да дәлелдемелер алынуы мүмкін. Алайда, мұны негізге алу үшін тергеушінің бұл нәтижелерді қайтара өте мұқият тексеріп алғаны жөн. Ол оның алдында басқа да тергеу әрекеттері кезінде алынған немесе жаңа дәлелдемелермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндайда сараптама, тергеу эксперименті, окиға болған жерді қарау тағы басқа да тергеу әрекеттері қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет