Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§6. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері



бет157/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§6. Тұрғын үй, бөлмені не жер учаскесін тану үшін көрсету ерекшеліктері

Кейбір қылмыстарды тергегенде тұрғын пәтерді, жеке бөлмені, ал кей жағдайда бір жер учаскесін көрсетуге тура келеді. Осындай объектілерді көрсету арқылы қылмыс жасалған жерді анықтап, білуге болады. Айталық, жәбірленуші қылмыс жасалған үйдің мекен-жайын білмейді. Бірақ пәтердің жасауы, бөлмелердің орналасуы және басқа ойында қалған белгілер бойынша қылмыстың осы пәтерде жасалғанын танып біле алады. Мұндай жағдайда оған осы пәтерге ұқсас тағы екі пәтер бірге көрсетіліп, жәбірленушінің айтқаны тексеріледі. Жеке жер учаскесі де осындай әдіспен көрсетілуі арқылы қылмыстың қай жерде болғандығы анықталады. Әдетте, пәтер мен жер ең соңында көрсетіледі. Мысалы, әуелі қылмыс болды-ау деген жер мен пәтер емес, осыған ұқсас пәтер мен жер көрсетіледі. Қорытындысын танушы адам ақырында бәрін көріп біткеннен соң айтуы тиіс.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет