Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері



бет159/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§8.Фотобейнелерді тану үшін көрсету ерекшеліктері

Адамды бетпе-бет көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда ол оның фотобейнесін көрсету арқылы танытылады. Мұндай әдіс танушы немесе танылушы қылмысты істі тексеретін органнан шалғай қашықтықта жүрген, сезікті немесе айыпталған адам тергеуден немесе соттан жасырынған, жәбірленушінің қайтыс болғандығын немесе хал үстінде жатқандығын, жерленгеннен кейін марқұмның түр-тұлғасын анықтау қажет болған және басқа да жағдайда қолданылады.


Фотобейненің негізгі немесе жекелеген белгілері мүлдем өзгертіліп кететіні, сондықтан объектіні тану қиындыққа түсетіні тану үшін көрсету кезінде жиі кездеседі. Бұл көбінесе сурет түсірілген кездегі жағдайға, суретке түсірушінің шеберлігіне, суреттің, өңделуіне, сондай-ақ суретке түсірілгеннен кейін арада көп уақыт өткендігіне байланысты болады. Сондықтан мүмкіндігінше өнделген не ескірген суреттерді танушыға көрсетпеген дұрыс. Куәден жауап алған кезде, суреттің иесін анықтаудың да мәні зор.
Танытылатын сурет осыған ұқсас басқа суреттерге қосылады, содан соң олар жалпақ қағаздың бетіне жапсырылады да, әрқайсысы жеке-жеке нөмірленеді және әрбіреуіне тергеу органдарының мөрі басылады, фотосуретке тергеушінің қолы қойылады. Осы күйінде ол танушыға ұсынылады.
Егер көрсету кезінде танушы суреттің бірін көрсетсе, одан объектіні қандай белгілеріне қарап танығанын, суреттегі белгінің жаңағы адамның есіндегі белгілерге қалай сәйкес келетіндігін түсіндіру сұралады. Осылай тәптіштеп жауап алу арқылы танушының дәлелдемесін анықтауға болады. Мәйіттің суретін көрсеткенде ғана мұндай ұқсас суреттер іріктелмейді, яғни танушыға тек мәйіттің суреті ұсынылады.
Қазір жеке объектіні анықтау үшін фотосуреттерді жинақтап және бейнені қолмен салып, сондай-ақ бас сүйекті қайта құрап түсірілген суреттер де көрсетіліп жүр. Бірақ азаматтарға ұсынылған мұндай суреттерді танудың негізі ретінде қабылдауға болмайды, өйткені қылмыстық іс жүргізу заңдылығы бойынша тек тікелей объектінің өзі немесе оның фотосуреті ғана тану үшін көрсетілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет