Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет163/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

VIII-ТАРАУ.

ҰСТАУ ТАКТИКАСЫ




§1. Ұстау түсінігі және оның негіздері

Ұстау дегеніміз – қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті.


Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.
Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін.
Мұндай жағдайларда қылмыс жасады деп сезік тудырған адамды ұстау үшін прокурордың рұқсаты талап етілмейді. Анықтау органы тек сезіктелушінің қандай негізде ұсталғанын көрсетіп хаттама жазуға және бұл жөнінде заңда көрсетілген мерзім ішінде прокурорға хабарлауға міндетті.
Негізсіз ұстау заңдылықты өрескел бұзғандық болып есептеледі. Сондықтан бұған мейлінше сақ болу керек. Егер қылмыстық іс тергеу үстінде болса, онда қылмыс жасағаны туралы сезік тудырған адамды ұстау мәселесін ең алдымен тергеуші шешеді.
Ұстаудың тактикалық әдістері криминалистика ғылымында тәжірибеге негізделіп жасалады. Тактикалық жағынан, сезік тудырушылар жеке-жеке және тобымен ұсталуы мүмкін.
Тобымен ұстау көп жағдайда қиынға түседі. Ұстаудың мұндай түрінде сезіктелуші және оның сыбайластары тобымен немесе жалпы қылмыстық іске қатысы жоқ, дегенмен, әр түрлі себептермен қылмыс жасалған жерде бірге болған бірнеше сезік тудырушылар бір мезгілде күзетке алынады. Сондықтан оларды тобымен емес жеке-жеке, яғни олар әр жерде бөлек жүрген кезде ұстау тактикалық жағынан тиімді. Бұл мақсатта алдын ала қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет