Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ



бет166/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ


§1. Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі және оның түрлері

Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың, ғылыми-техникалық басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты. Ерте заманнан бері заңгер криминалистер жасалған қылмысты дәлелдеуге объективті деректер табу жолында біраз ізденіс жұмыстар жүргізген. Тергеу әрекеттерінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы жауап алу, тану үшін көрсету, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы мүмкін. Осы тұрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы зерттеу, сараптау үстінде ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады.


Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы – істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық немесе басқа да арнаулы білімдерді қолдану.
Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі – тергеу әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі – сот сараптамасын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға, тергеу экспериментін жүргізуге, т.б қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлап, оның тұжырымды қорытындысы осы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт (қорытынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім қолданудың екінші түрі – сараптама тағайындау.
Сараптама деген термин латын тіліндегі "expertus", яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды, Сондықтан істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім қолданып, зерттеу тәжірибелерін жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалады.
Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай, экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, құрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процесін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір объектілерді, заттарды, т.б. жіктеп, іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды. Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралык деңгейде толық қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот экспертологиясы дейтін ілім бар. Егер сот экспертизасын, сараптау деп атап кетсек, онда осы теориялық ілімді қалай атар едік, оны сараптология дегеніміз, әрине, орынды болмас еді.
Бірақ, Қазақстан Республикасының ҚІЖК-сі мен ҚР-ның “Сот сараптамасы туралы” заңында “экспертиза” – терминінің орнына “сараптама” деген терминді қолдануына байланысты, бұдан былай заң оқулықтарында “сараптама” – терминін қолдануға тура келеді.
Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайда сот-сараптамасы тағайындалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайда тағайындау – ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы ғана анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша "арнаулы білім" деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген ұғыммен тікелей байланысты. Сондықтан "арнаулы білім", дара сипаттағы мамандық ұғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.
Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі бір саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнайы кәсіби дағдысы нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет. Бұл орайда арнаулы білім қатарына құқықтану ғылымы да, ал бұл білімнің иесіне арнаулы құқықтық білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ құқықтық мәселелерді шешерде сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және қылмыстық іс жүргізуге, сондай-ақ тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысты мәселелерді арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шеше алады. Алайда, сараптамалық криминалистикалық зерттеулер жүргізуді талап ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттігіне жатпайды. Тек жоғары білімге қоса арнайы дайындықтан өткен криминалистикалық сараптамалық зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе алады. Кейде тергеушінің сарапшылық әзірлігі болуы, бұрын сарапшы-криминалист қызметін атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайда, соған қарамастан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-криминалисталық өкілеттікті, әрі тергеушілік өкілеттікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді.
Кейбір объектілерді, айталық, құжаттарды сотта қарағанда, үлгілерді іріктегенде белгілі бір криминалистикалық әзірлігі бар тергеуші, әдетте, бұған маман-криминалист шақырылатын мәселелерді өз еркімен шешуі мүмкін. Занда көрсетілгендей, маман-криминалист қылмыстық іс жүргізуші жеке тұлға, әйтсе де ол іске тергеушіге көмектесу үшін ғана қатыстырылады. Сондықтан ол өз алдына қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыра алмайды, оның тұжырымдары ғана тергеу әрекеті жөніндегі хаттамаға енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет