Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§4. Сот сараптамасын тағайындау



бет169/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§4. Сот сараптамасын тағайындау

Сот сараптамасы – тергеушінің қаулысы, соттың ұйғаруымен тағайындалады. Сараптама қажеттігі мен оны тағайындау мерзімін тергеуге немесе сот ісіне байланысты туындаған жағдайларды есептей отырып және тактикалық тұжырымдарға сүйеніп, тергеуші немесе сот анықтайды. Сараптама оның жұмысына қажетті барлық материалдар жинақталған, сараптамалық объектілерді зерттеуге болатын, ал шешілетін мәселелер сараптама мүмкіндігіне сәйкес келетін жағдайларда ғана тағайындалады. Сараптама дер кезінде жүргізілуі керек. Өйткені оны тағайындау кезіндегі уақыт созу күтпеген жайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ бұл істегі асығыстық та сараптамаға қажетті төл материалдардың жетіспеуі де бұл бағытта ақиқатты анықтауға көмектесетіндей сараптамалық тұжырымның сапасына белгілі бір дәрежеде кері әсер етері сөзсіз.


Тергеу ісін жеделдету мақсатында іске байланысты сараптама белгілеу жоспарлануы, сараптаманы тағайындап, өткізуге әзірлік шаралары қылмысты тергеу жөніндегі жалпы жоспардың құрамына енгізілуі тиіс.
Тиісті сараптамалар тағайындалмас бұрын, сараптамаға жіберілетін объектілер алдын ала зерттеліп, қойылатын белгілі бір сұрақтар мөлшері айқындаған, сөйтіп сараптамалық зерттеудің қажет, не қажет еместігіне көз жеткізген жөн. Алдын ала зерттеуді тергеушінің өзі немесе ол оны бұл бағытта молырақ тәжірибе жинақтаған әріптесінің қатысуымен жүргізеді. Зерттелетін объект міндетті түрде ешқандай өзгеріссіз, кылмыс болған сәттегі қалпынан өзгертілмей зерттелуі тиіс.
Сараптаманың толық және айқын да дәл тұжырымы көбіне көп сарапшылық шешімге ұсынылатын объектіге қатысты сұрақтардың дұрыс қойылуына, сараптама тағайындау жөніндегі қаулының және басқа да материалдардың айқын әзірленуіне байланысты. Бұл сұрақтар құқықтық деңгейде бола алмайды, сарапшының өкілеттігінен және арнаулы білім қолдану шеңберінен шығып кетпеуі қажет. Сонымен бірге, егер зерттелетін жағдайға қатысушының құқықтық емес, негізінен техникалық сипаттағы әрекеті (әрекетсіздігі) қайсыбір тәртіпке, нұсқауға қатысты болса, сарапшының алдына мұның сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы мәселе қоюға болады.
Сараптамаға материал дайындаған кезде кейде сарапшының жауап алуға, оқиға болған жерді қарауға, куәлік ету және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу қажеттігі тууы мүмкін. Мұндайда сарапшы сараптама жүргізілетін объектіге қатысты сұрақ қоя алады немесе тұжырым жасауға қажетті материалдарды іске тігуге ұсыныс жасауына рұқсат етіледі. Сарапшының сараптаманың мақсатына қайсыбір материалды болсын өз еркімен алуына құқығы бар.
Сараптамаға жөнелтілген заттай дәлелдемелер және салыстырма үлгілер мейлінше сапалы, дәл белгіленіп, сараптама тағайындау жөніндегі қаулыда айқын жазылуы тиіс. Салыстырмалы зерттеуге қажетті үлгілер Қылмыстық Іс Жүргізу кодексіне сәйкес жеке тергеу әрекеті ретінде жүргізіледі. Осы орайда, графикалық сараптама тағайындағанда салыстырып зерттеуге үлгі алудың ерекшелігін айтып кету керек. Графикалық сараптамаға жіберілетін үлгілер еркін және эксперименталды болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстық іс қозғалмай тұрғанда және іске байланысы жоқ құжаттағы қол жазбалар еркін жазылған үлгі деп саналады. Арнайы сараптама үшін алынған графикалык таңбалар эксперименталды деп есептеледі. Басқа үлгілерді алу маманның (айталық, судың, ауанын, қанның, тіс сынықтарының және басқаларының үлгілерін алғанда) қатысуымен жүзеге асырылады. Үлгілер алу процесі хатталып қана қоймайды, сондай-ақ фотосуреттердің, бейнетаспалардың, кинотүсірімдердің көмегімен толықтырылады.
Сарапшыға сараптама жасауға жіберген материалдармен танысуға ғана мүмкіндік берілмей, сонымен бірге қажет жағдайларда оның істегі басқа да жәйттермен танысуына қолайлы мүмкіндік тудырылуы тиіс. Мұндай кездің бәрінде де тергеуші (сот) сарапшының істегі қандай жағдайлармен және қандай деректермен таныстырылуы тиістігін мұқият ойластыруы керек.
Егер сарапшы материал қорытынды тұжырым жасауға жеткіліксіз деп есептесе, оның қосымша материалдар беруге ұсыныс немесе тергеушіге қорытынды тұжырым жасаудың мүмкін еместігі туралы жазбаша түрде хат жолдауына құқығы бар.
Қылмыскер болса тергеуші оны сараптама тағайындағандығы туралы қаулымен таныстыруы тиіс. Ал егер қылмыскер әлі қылмыскер деп танылмай, тек сезікті ғана болса, онда оны да мүмкіндігінше аталған қаулымен таныстырған жөн. Заңда қаралған тәртіп бойынша сараптама тағайындағанда оған айыпкердің қорғаушысы да қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет