Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері



бет170/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§5. Сот сараптама жүргізу әдістемелері

Сараптамалық зерттеудің қалыптасқан процесі өзінің міндеттері, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері бар, сабақтастырыла жүргізілетін бірқатар кезеңдерден тұрады. Жалпы алғанда, сараптамалық зерттеуді – дайындалу, объектілерді бөлшектеп жеке-жеке зерттеу, салыстырып зерттеу, зерттеудің нәтижелерін синтездеу мен бағалау, зерттеу нәтижелерін бекіту сияқты кезендерге бөлуге болады.


Дайындалу кезеңі – сараптамалық қарау, бастапқы ақпараттармен және материалдармен танысу, міндеттерді айқындау, зерттеу объектілерін қарау, материалдардың жеткіліктілігін анықтау, зерттеу жоспарын жасау кезеңі.
Бөлшектеп зерттеу кезеңінде оның мәнін, сапалық және сандық анықтылығын, объектінің құрылымының шығу және өзгеру сипатын ашу мақсатында әр сараптама объектісінің жалпы және жеке белгілері мұқият талдана зерттеледі. Осы кезеңде зерттелетін объектілер және салыстыру үлгілері жеке-жеке қаралып зерттеледі, әр объектіге тән идентификациялық белгілер сарапталып алынады. Қажеттілік туған жағдайда әртүрлі, сараптамалық эксперименттер жүргізіледі, объектіні механикалық бөлшектеп зерттеу әдісі қолданылады.
Салыстырып зерттеу кезінде салыстырмалы объектілер белгілерінің ұқсастығы мен сәйкессіздігі, яғни заттай айғақтар белгілерінің салыстырмалы үлгілердегі белгілерге сәйкес келетін не сәйкес келмейтіндігі анықталады, белгілердің ұқсастық жиынтығы бекітіледі.
Зерттеудің нәтижелерін синтездеу мен бағалау кезеңінде сарапшының жұмысы, сараптамалық тұжырымдар қорытындыланып, бағаланады. Мұнда зерттелетін құбылыстың мәнін ұғынуға, олардың жалпы және ерекше, заңды байланыс, табиғатынан бар ерекшеліктерін және басқа белгілерін түсінуге көмектесетін жалпылау, абстракциялау, модельдеу әдістерін қолданудың да маңызы айрықша. Қазіргі танда сараптамалық зерттеуде бүгінгі заманғы математикалық әдістер және электронды есептеу машиналары кең қолданыла бастады.
Зерттеу нәтижелерін бекіту кезінде сараптамалық процесс аяқталып, оған қорытынды түжырым жасалып, ол бекітіледі. Сараптамалық тәжірибеде қабылданған талаптарға сәйкес сараптамалық қорытынды үш бөліктен — кіріспеден, зерттеу және қорытынды бөліктерден түрады. Кіріспе бөлікте қорытындының нөмірі мен басталған күні туралы, сараптаманы тағайындаған адам мен орган туралы, сараптама жүргізудің құқықтық негіздері, істің жағдайы жөнінде шағын баяндау, сараптамаға берілген материалдардың тізімі, сараптама алдына қойылған міндеттер туралы мәліметтер келтіріледі. Зерттеу бөлігінде сараптамалық зерттеуді жүргізу процесі мен оның нәтижелері, яғни объектіні зерттеу деректері, оны зерттеудің әдістемесі, заттай дәлелдемелерге қатысты анықталған ұйқастықтар мен сәйкессіздіктер, зерттелген объектінің байқалған белгілері туралы ғылыми түсініктеме, олардың бағасы және басқалары анықталады. Сонымен бірге көрсетілген баяндау зерттеудің мәнін және өткізілген сараптама логикалық дұрыс тұжырым жасау мақсатьнда мейлінше түсінікті болуы тиіс. Қорытынды бөлікте (тұжырымдарда) сараптама алдына қойылған сұрақтарға жауап беріледі. Қайсыбір сұрақтарға жауап берудің мүмкіндігі болмаса сарапшы оның себептерін көрсетуі қажет.
Идентификациялық сараптамалар бойынша салыстырып, зерттеп отырған объектілердің тепе-тең екендігі, не олардың екі түрлі, тепе-теңдігі жоқ екендігі анықталады. Тепе-теңдік бар деп қорытынды жасауға идентификациялық белгілердің қайталанбайтын тобының салыстырып отырған объектілерде бірдей барлығы негіз бола алады. Кей жағдайда идентификациялық зерттеу үстінде салыстырып отырған объектілердің ұқсастығы ғана анықталуы мүмкін. Мұны, әрине екі объект тепе-теңдігі табылды деп санауға болмайды.
Сарапшының тұжырымдары анықтылық жағынан сөзсіз шешуші және мүмкіндік деңгейде болуы мүмкін. Зерттелген және белгіленген фактілерге қатысты ол жағымды және жағымсыз сипатта болады. Сонымен бірге сараптамалық тұжырымдар кейде күрделі болуы да мүмкін. Айталық, баламалық негізінде ажырату ұғымы жататын (және шартты) егер бекітілген тұжырымдар басқа жағдайлардың анық-қанығына қатысты болса. Сарапшының мүмкіндік деңгейіндегі тұжырымы дәлелдемелік емес, болжамдық, яғни тергеу болжамдарын келтіретін, іс бойынша басқа дәлелдемелерді тергеулік іздеудің мүмкін бағыттарын болжайтын сипатта болады. Мұндай тұжырымға мән бермеу мүлде дұрыс емес, дегенмен, ондағы ақпараттарды пайдалануға ойланып, сақтықпен қарау қажет оның үстіне тергелетін фактілер бойынша басқа мүмкіндіктердің кездесетінін де естен шығармау керек.
Егер сарапшы зерттеу барысында алға қойылмаған мәселелер бойынша қайсыбір фактілерді анықтаса, ол бұл туралы өзінің қорытындысында көрсетуі тиіс. Сарапшының тұжырымдары бұған сендіре түсетіндей фотосуреттермен, кестелермен, сызбалармен, диаграммалармен және басқаларымен қосымша, көрнекті түрде баяндалуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет