Қылмыс іздерін жасыру бойынша жүргізілетін әрекеттер тергеуге кедергі жасауға бағытталады және жасыру (утаивание), жою (уничтожение), инсценировка және жалғандық (фальсификация) түрінде көрініс табуы мүмкін.
Жасыру кезінде қылмысты тергеу үшін маңызды ақпарат тергеушіге беймәлім болады. Жою – қылмыс іздері мен ол туралы ақпаратты физикалық күш тұрғысынан жою жөніндегі белсенді әрекеттерден көрініс табады.
Инсценировка – қылмыскер, қылмыс құралы және қылмыс жасаудың мән-жайлары туралы түсініктерді өзгерту мақсатында жүзеге асырылады. Мысалы: обьектілердің орнын ауыстыру, қылмыс субьектісінің сыртқы көрінісін өзгерту және т.б.
Іздер мен өзге де дәлелдемелік ақпараттың жалғандығы – олар туралы жалған түсінік қалыптастыруға бағытталған. Мысалы: жалған көрсетпелер беру, жалған куәларды қою, жалған іздер қалыптастыру және т.б.
Тергеушінің қылмысты жасыру тәсілін білуі қылмыскердің айла-тәсілдерін уақытылы анықтауға, сондай-ақ осы бағытта қолданылып жатқан мүмкін болатын әрекеттерді алдын алуға септігін тигізеді.