Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы



бет190/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа
1 мамыр 2019
§2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы

Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.


Жоспардың жекелілігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.
Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз – ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.
Жоспардың серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.
Анықталуы жоспарланған сұрақтар іс бойынша жасалған тергеу болжауларынан туындайды. Осы тергеу жоспарында көрсетілген сұрақтарды анықтау үшін өткізілуі тиіс жұмыс әрекеттері заңға қайшы келмеуі керек. Мұны тергеуді жоспарлаудың зандылық қағидасы деп атайды. Тергеу әрекеттерінің, жедел-іздестіру және басқа ұйымдық жұмыстардың дәлелдеме алуға нәтижелігін және өткізуге қолайлығын арттыру үшін оларды ұтымды кезекпен өткізетіндей етіп жоспарлау қажет. Бірінші кезекте кідіртпей өткізуді қажет ететін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары жоспарлануы тиіс. Бұл тергеудің ықшамды және үйлесімді түрде өтуін қамтамасыз етеді.
Тергеу жоспары белгілі бір элементтерден құралады, осы қылмыс бойынша жасалған тергеу болжауларына негізделеді және сол болжауларды тексеруге бағытталады. Сондықтан жоспардың бірінші элементі – осы іс бойынша жасалған тергеу болжаулары. Бұл тергеу болжауларын тексеру үшін белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді анықтауға тура келеді. Сондықтан тергеу жоспарын құрғанда болжаудан туындаған және осыған байланысты тексеруді қажет ететін сұрақтардың тізбегі жоспардың екінші элементі болып саналады. Жоспарға кірген сұрақтар тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да жұмыстарды жүргізу арқылы анықталып, шешілетін болғандықтан, осы орындалатын тергеу шаралары жоспардың үшінші элементі болады.
Осы жоспарланған жұмыстарды кім және қай мерзімде өткізу керек екендігі де жоспарда көрсетіледі. Бұл жоспардың төртінші элементі болады. Кей жағдайларда тергеу шараларын орындайтын лауазымды адамның аты-жөні өзінше жеке жазылады. Мұндай жағдайда жоспар бес элементтен қүралады.
Енді тергеу жоспарын кесте түрінде көрсетсек, ол төрт кейде бес бағаннан тұратындығы байқалады. Әр бағандағы жоспар бірімен-бірі тікелей байланысып, бірінен-бірі туындайды. Осындай жоспар бойынша тергеушінің қылмысты тергеуге байланысты жүргізетін жұмыстары кесте түрінде қағаз бетіне түсіріліп көрсетіледі.
Тергеу жоспары ойша және жазбаша түрде жасалады. Тергеудің бастапқы кезеңінде қылмыстық іс бойынша мәліметтердің аз мезгілінде тергеуші өз жұмысын ойша жоспарлайды. Кейбір кідіртпей жүргізуді қажет ететін тергеу әрекеттері жоспарсыз да жүргізіледі. Айталық, қылмыс жөнінде хабар алысымен тергеуші оқиға болған жерге барып қарайды және осы қараудың қорытындысынан туындаған тергеу әрекеттерін өткізеді. Осы тергеу шараларын жүргізіп, орындаудан жиналған дәлелдеме деректерді талдап, оларды айқындап, анықтау арқылы тергеу болжауларын жасап, осы болжауларды тексеруді жоспарлайды.
Тергеу тәжірибесінде тергеу жоспарының бірнеше түрі бар. Жұмыстың дұрыс жүргізілуі үшін жоғарыда көрсетілген элементтердің бәрі де жоспарда көрсетілуі керек. Жоспар бағандық және кестелік түрі бойынша жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет