Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері



бет41/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті қоршаған ортамен қамтый отырып бірнеше жағынан түсіреді. (РИСУНОК 12: Сурет 12. Мәйітті оқиға болған жерде бір нүктеден шолып суретке түсіру) (РИСУНОК 13: Сурет 13. Түйінді суретке түсіру) Кейіннен мәйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайын, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл бөлінуі керек. Мәйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мәйіттің ұзына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мәйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мәйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.
Панорамалық түсіру әдісі мәйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аяғына дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немес үш, төрт үзіндіден тұрады.
Жарақат, күйік, қан іздері, киімінің бүлінуі сияқты сипаттағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабпен ірі көлемде суретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мәйіт табылған кезде қандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып қалған және т.б.) болса, суретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соң мәйітке әрлеу жұмыстары (сот-медициналық, мәйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі. Танылмаған мәйітті түсіру тануға көрсету үшін түсірілетін әдіс-тәртібімен жүзеге асырылады. Танылмаған мәйіттің суреті картамен бірге қылмыстық тіркеу органына жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет