Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұндай түсірілімдегі бейне көрінісі – түсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болған көрінетін люминесценттік жарықты жіберу арқылы шығарылады. (РИСУНОК 14: Сурет 14.Ультракүлгін сәулелерінің әсерінен люминесценцияны суретке түсіру схемасы: а-камера; б-ультракүлгін сәулелерінің көздері; в-құжат; г-өндеуге түскен құжат бөлігі)
Бұл әдіс көбінде жалған құжаттарды зерттеу кезінде келесідей жалғандықтарды: жазбаларды химиялық жолмен өңдеуді, қырып-өшіріп жазылған мәтіндерді, ұқсас құжаттардағы жазуларды бақылап қарау кезіндегі әртүрлі дифференцацияларды анықтау мақсатында пайдаланылады.
Толқын ұзындығын 400-ден 340 миллимикронға дейін ультракүлгін сәулелері арқылы көрінетін фотосуреттер жай айналы объектив көмегімен алынады, ал толқын ұзындығы көлемі аз сәулелер арқылы алынатын фотосуреттер – кварцтық немесе айналы-линзалық объектив құралдары арқылы жүзеге асырылады. Фотоаппарат объективінің алдына ультракүлгін фильтр (УФС-1, УФС-2, УФС-3, УФС-4 немесе басқа) орналастырылады, ал түсірілім объектісі аналитикалық люминесценттік лампа арқылы жарықтандырылады.
Көрінетін жарық фокусына қарағанда ультракүлгін сәулелерінің фокусы объективке жақын болғандықтан, жарықтың байқау резкості нақты, тура көзделгеннен кейін камераның кассеталық бөлігі аздап объективке қарай жылжытылады. Фокусқа түзету өлшемдері масштаб кескініне қарағанда көбірек, ал фильтрден өткізілетін ультракүлгін сәулелерінің толқын ұзындығына қарағанда азырақ жасалады. Ол экспериментальды бірқатар сынақ түсірілімдер жасау жолымен айқындалады.
Көрінетін ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіру кезінде әдетте сәулелермен әсерленбеген фотоматериалдар (диапозиттік пластинкелер, «позитив пленкелері», «микрат», фототехникалық пленкелер) қолданылады.
Ультракүлгін сәулелерімен әсерленген көрінетін люминесценцияны фото түсіру кезінде кәдімгі әйнекті объектив арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ультракүлгін фильтрді объективтің алдына емес, қуатты лампының алдына орналастырылады. Шағылысқан ультракүлгін сәулелерді сіңіру үшін объективтің алдына жарықты бөгейтін фильтр орналастырылады, бұл люминесценцияның суреттік бейне көрінісін жоғары дәрежеде нақтылы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Оны түс ажыратқыш түсірілім ережелеріне сәйкес алады.