Мазмұны 1 – БӨлім. Криминалистиканың теориялық негіздері


§ 5. Бейне- және дыбыс-жазбаларын криминалистикада қолдану



бет59/233
Дата07.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#83762
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   233
Байланысты:
окулык АЙШа

§ 5. Бейне- және дыбыс-жазбаларын криминалистикада қолдану

Бейнежазбаға түсіру көбінде тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданылады. Бейнежазба күрделі және әртүрлі жағдайдағы зерттелетін оқиғаның жай-күйін, оның жекеленген заттары мен іздерінің байланысын көрсету қажеттілігі туындағанда, қандай да бір жүргізілетін тергеу әрекетін, сондай-ақ жеке әрекеттер мен қосымша процестерді, оқиғаның немесе құбылыстың даму барысын толық бейнелеп көрсетіп бекіту мақсатында қолданылады. Мысалы: қылмысты жасау әдісі мен болған оқиғаның механизмін және т.б. анықтау үшін бейнежазбаға түсіріледі.


Бейнежазбаның өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері де болады. Бейнежазбаның кино-түсірім әдісіне қарағанда ерекшелігі түсіру кезінде магниттік лентаға дыбыс пен көріністі бір уақытта (синхрондық) бекітуге және оның сапасын қолдануға мүмкіндік береді. Бейнежазба кинотүсірілім сияқты лабораториялық өңдеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, кинотүсіріліммен салыстырғанда бейнежазба жылдам ағымды оқиғаларды және олардың баяу көрінісін өндіріп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Криминалистикалық бейнежазбаның әдеттегі фототүсірілімге қарағанда ерекшелігі оның алға қойған мәселесі мен бекіту әдісін қолдану мақсатында. Бейнежазба көзделген мақсатқа сәйкес, композициялық және техникалық жағынан дұрыс болу үшін міндетті түрде бейнежазбаға түсіру жоспарын алдын ала құрып алу қажет. Жоспарда мүмкіндігінше түсірілетін объектілерді және оларды бекіту мақсатын, қолданып отырған құралдардың құрылым масштабын, түсіру нүктелерін, оның техникалық тәсілдері мен қосымша жарықтандыру әдістерін көрсету керек.
Бейнежазба көбінде тергеу эксперименті, тінту, оқиға болған жерді қарау, жауап алу мен беттестіру және тануға көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау әрекеттерін жүргізу барысында қолданылады.
Тергеу әрекеттері қандай тәртіпте жүргізілсе бейнежазбаға түсіру сондай кезектілікпен жүзеге асырылуы тиіс. Бейнежазбаға түсіру кезінде объектілерді – бағдарлап, шолып, түйінді және детальды әдістерді қолдана отырып түсірген жөн. Аталған түсіру әдістерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарлау әдісімен бейнежазбаға түсіру оқиға болған жердегі қоршаған ортаны түсіруден орталық объектіге өтіп оны ірі масштабта көрсету болып табылады. Осындай түсіру әдісі нәтижесінде объектілер жөнінде толық және динамикалық бағдарлау ақпараттарын алуға болады. Шолып түсіру әдісі арқылы оқиғаның жалпы жағдайы мен оның өзара байланысатын жеке элементтерін қажетті кезектілікті сақтай отырып бейнежазбаға түсіруге болады.
Бейнежазба процесінде алдағы тарауда айтылып кеткен фототүсіру әдістері қолданылады. Сонымен қатар, бұл түсірудің өзіне тән келесідей тәсілдері бар: бір және көпкамералы, бағыты мен бұрышын өзгертіп түсіру, камераны объектіге жақындата және алыстата отырып түсіру, панорамалы-жылжуды қолдана отырып түсіру тәсілдері.
Бейнежазбаның жалпы әдістерін таңдау фотографияға түсіру кезіндегі сияқты мән-жайлармен анықталады. Бейнежазбаға түсірудің арнайы әдістері бейнелеп бекітуге арналған әдіс мақсаты мен динамикалық ерекшеліктеріне қарамастан таңдалынады.
Бейнежазба криминалистикалық сараптама жүргізу барысында да қолданылады. Мысалы: дереу микробейнеге түсіру көмегімен сот-баллистикалық сараптама жүргізу кезінде, зерттеліп отырған әртүрлі объектілердегі атудан қалған зақымдардың, іздердің пайда болу механизмін бекіту үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   233




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет