Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірбиелік және зертханалық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы Глоссарий Агроқабылдау


Ормандық көшеттердегі ауыспалы егістер



бет9/19
Дата29.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#12534
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Ормандық көшеттердегі ауыспалы егістер

Мәдени өсімдіктер өсірілген жерлерді жыртпай 15-20 жылдай бос қалдырса топырақтың құнарлылығы жоғарылап, оның бастапқы табиғи жағдайға жуықтайтындығы дихандарға ертеден мәлім болған. Мұндай бос қалған жерлерде ең алдымен арамшөптер, содан кейін астық тұқымдастарына жататын шөптер, бетеге және басқа өсімдіктер өсіп, топырақтың табиғи құралылығы бірте-бірте бұрынғы қалпына келетін болған. Осыны ескере отырып кезінде академик В.Р. Вильямс шөптанапты егіншілік жүйесін құрып, оны ауылшаруашылық өндірісінің егіншілік саласына кеңінен ендірген болатын. Бұл жүйенің негізгі буыны шөптанапты ауыспалы егіс болатын. Осыған орай ормандық көшеттерде парлы, сидератты және шөптанапты ауыспалы егістер нобайлары қолданылды, ең кең тарағандары 2-4 танапты ауыспалы егістер болды. Олардың негізгі нобайлары төмендегідей еді:



Пар танапты ауыспалы егіс буыны

1. Таза пар

2. Екі жылдық себінді (1-жылғы)

3. Екі жылдық себінді (2-жылғы)


1.Таза пар

2.Себінділер



1. Таза пар

2. Екі жылдық себінді (1-жылғы)

3. Екі жылдық себінді (2-жылғы)

4. Біржылдық себінді



Бірақ, пар танапты ауыспалы егістерде пар жиі өңделгендіктен біріншіден, топырақ үгітіліп, оның құрылымы нашарлайды, ал екіншіден, аэробты процес күшейіп, топырақ түйіршектерінің әрі қарай бұзылуына жол ашылады. Сондықтан, мұндай ауыспалы егіс нобайлары топырақтың құнарлылығын жоғарылату, арамшөптерді жою және ылғал қорын жинау жағдайында ормандық көшеттіктерде уақытша қолданылады. Жаңа дәуірдің басында белгілі болғандай құнарлылығы төмендеген жерлерге қарабидай, қыша, бетеге сеуіп, олардың вегетативтік массалары ұлғайған кезде күзге қарай жерді жыртып, оларды топыраққа сіңіргенде, келер жылы ол жерлерде мәдеи өсімдіктердің өнімі күрт жоғарылайтындығы байқалған. Сондықтан, ол өндірісте қолданылып сидератты жүйе деп аталынып, егіншілікке сидератты ауыспалы егіс нобайлары енгізілді. Олар өздірінің мағнасы жағынан пар танапты ауыспалы егістерге жақын. Бірақ, республиканың орманды-далалық және далалық аймақтарында бұл ауыспалы егістер тиімсіз, себебі жасыл тыңайтқыш ретінде қолданылатын өсімдіктер көпжылдық шөптерді ауыстыра алмайды, өйткені олар топырақ құрылымын түбегейлі жақсартпайды. Қазақстанда сидератты ауыспалы егістер Қостанай облысының және Ертіс өңірінің суыртпақты ормандарының құмдақ, жеңіл құмдауыт топырақтарында, сондай-ақ Алтайдың, Жоңғар Алатауының, Солтүстік және Батыс Тянь-Шанның таулы аймақтарының ұзақтығы 2-3 айналымды, 9-10 танапты ауыспалы егіс көшеттіктерінде қолданылады. Ал ұзақ мерзімге арналған тұрақты ормандық көшеттіктерде көпжылдық астық және бұршақ тұқымдастарына жататын шөптанапты ауыспалы егістерді қолданған пайдалы, өйткені олар топырақтың құнарлылығын арттырып, құрылымын жақсартады. А.Н.Протасов республиканың Солтүстік Қазақстан, Таулы Алтай, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінің суармалы жерлерінде төмендегідей 7 танапты ауыспалы егіс нобайларын қолдануды ұсынды:



  1. Таза пар

  2. Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы)

  3. Екі жылдық себіндіктер (2-жылғы)

  4. Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер




  1. Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

  2. Екі жылдық себінділер(1-жылғы)

  3. Екі жылдық себінділер (2-жылғы)+біржылдық себінділер




Бұл ауыспалы егістегі көпжылдық шөптер топырақты тым құрғатып жіберетін болғандықтан, оның нобайына қосымша сидератты пар енгізу қажет. Осыған орай Қазақстанның қара топырақты және орманды-сұр топырақтарының тұрақты ормандық көшеттіктерінде төмендегідей 8- танапты ауыспалы егіс нобайы ұсынылады:

  1. Таза пар

  2. Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы)

  3. Екі жылдық себіндіктер (1-жылғы)

Астықты–бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

  1. Астықты –бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

  2. Сидералдық пар

  3. Біржылдық себінділер

8. Біржылдық себінділер

Оңтүстік қара, қызыл-қоңыр және сұр топырақтар үшін 7-танапты ауыспалы егіс нобайы ұсынылады.

  1. Таза пар

  2. Екі жылдық себінділер (1-жылғы)

  3. Екі жылдық себінділер (2-жылғы)

  4. Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер




  1. Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

  2. Астық-бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер

  3. Біржылдық себінділер

  4. Біржылдық себінділер



Солтүстік Тянь-Шанның таулы-шыршалы ормандық көшеттіктеріне ұсынылатын ауыспалы егіс нобайы төмендегідей:




  1. Қара пар

  2. Төртжылдық себінділер (1-жылғы)

  3. Төртжылдық себінділер (2-жылғы)

4.Төртжылдық себінділер (3-жылғы)

5.Төртжылдық себінділер (4-жылғы)

6.Жоңышқа үйбидайықпен бірге (1-жылғы)

7.Жоңышқа үйбидайықпен бірге (2-жылғы)


Ормандық көшеттіктерде топырақ өңдеудің егіншілік шаруашылығынан айырмашылығы онша көп емес. Топырақ өңдеудің негізгі міндеті-ормандық көшеттіктерде оның құнарлылығын жоғарылату, құрылымын, физика-химиялық қасиеттерін жақсарту, ылғал жинау, сақтау, оны үнемді пайдалану, арамшөптерді, өсімдіктердің зиянды организмдерін жою, ауа-жылу режимдерін ретке келтіру.

Орман шаруашылығында да егіншіліктегідей топырақты негізгі (аудармай, аударып жырту, жазықтабантілгіштермен қопсыту), жердің беткі қабатын (тырмалау, сыдыра жырту, культивациялау, тығыздау, шлейфтеу, жоспарлап-жүйелеу) тәсілдері қолданылады. Бұл жерде орман көшеттіктеріндегі топырақ өңдеу ерекшеліктері туралы жазылған.

Топырақты алғашқы (бастапқы) өңдеу ормандық көшеттіктер салынатын барлық жер көлемінде жүргізіледі. Егер, ормандық көшеттіктер тың және тыңайған жерлерге салынса, онда топырақ өңдеу қара парды өңдегендей жүргізіледі. Қара, таулы-орманды және орманды-шалғындық топырақтарда оны өңдеу үшін қара парды өңдеу технологиясы толық сақталуы керек. Ал қызыл-қоңыр және сұр топырақтарда жер жырту тереңдігі олардың қара шірінді қабатының қалыңдығына байланысты. Егер, жерді бұл қабаттан терең жырту керек болған жағдайда төменгі қабаттар топырақ қопсытқыштармен немесе қайырмасыз соқамен өңделеді. Орман көшеттіктерін отырғызу үшін плантажды, бір корпусты арнайы соқамен жер 50 см тереңдікке жыртылады.

Ауыл шаруашылығында пайдаланған жерлерде зиянды арамшөптер (жатаған бидайық, қамыс, құмай, қалуен) болмаса сүдігер өңдеу дәстүрлі жүйе бойынша, ал көген және атпатамырлы арамшөптер басым өскен жағдайда оларды жоятын топырақ өңдеу жүйесі қолданылады. Ауыспалы егістерде топырақты жыл сайын өңдеу себілімдіктер мен екпе көшеттерді қазып алғаннан, көпжылдық екпелі шөптерді және ауылшаруашылық дақылдарын жинағаннан кейін жер қара немесе сидералды пар түрінде өңделеді, ал көктемде егін себер алдында топырақ өңделеді.

Топырақты негізгі өңдеу көшеттерді қазып алғаннан соң күзде сүдігерге, немесе көктемде, толық тереңдікке жыртылады. Көпжылдық екпелі шөптерден босаған танаптарды жазда (тамыз айында) ең алдымен сыдыра жыртқышпен өңдеген жақсы нәтиже береді. Егін себер алдындағы топырақ өңдеуге «ылғал жабу», культивациялау, тырмалау, шлейфтеу, топырақты жоспарлап-жүйелеу (планировка) жатады. Шаруашылықта қолданылатын әр бір ауыспалы егіс агрономиялық және экономиялық жағынан тиімді болуы керек, сондықтан оған осы тұрғыдан баға берген жөн.

Ауыспалы егісті агрономиялық жағынан бағаланғанда ондағы басты дақылдың сыбағалы салмағының шаруашылықтың басты бағытына сай келуі, оның өте жақсы және жақсы алғы егістен кейін орналасуы, арамшөптер, өсімдіктің ауру қоздырғыштары мен зиянды жәндіктерінің жойылуы, топырақтың құнарлылығының артуы, физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттері мен басқа көркеткіштердің жақсаруы ескеріледі. Егер, ауыспалы егіс осы жоғарыда аталған жағдайларға сай келсе, онда ол агрономиялық жағынан жақсы деп бағаланады.

Ауыспалы егістердің экономиялық тиімділігін анықтау кезінде оларды бір-бірімен әр түрлі тұрғыдан салыстырып баға беріледі. Егер, шаруашылық астық өндіруге мамандандырылған болса, онда ауыспалы егістер бірі мен бірі әр гектардан алынатын астық мөлшері бойынша салыстырылады. Мұнымен қатар алынған астықтың өзіндік құны, одан түскен таза пайда және тиімділік деңгейі де еске алынады.

Малазықтық ауыспалы егістер бір-бірімен әр гектардан түсетін малазық өлшемі, қорытылатын протеині бойынша салыстырылады.

Республикамыз нарықтық экономикаға көшкен кезде, әсіресе, ауыспалы егістердің қайсысы әр гектардан ақшаға шаққанда көбірек табыс беретінін, оның ішінде таза табыстың мөлшері қалай болатынын анықтаған дұрыс.

Ауыспалы егісті енгізу және игеру

Кезінде республикада ауыспалы егісті енгізу және игеру жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілген. Қазақстанның солтүстік және батыс аймақтарында ауыспалы егіс барлық егіс көлеміне енгізген болатын, яғни бүкіл егістік жерлер танаптарға бөлініп, олардың шекаралары белгіленген, ғылыми тұрғыдан негізделіп, аймақтың топырақ-климат жағдайларына сай келетін ауыспалы егіс нобайлары құрастырылып, олар бекітілген болатын. Осы енгізілен ауыспалы егістердің 85-90 пайызы игеріліп, олар ауылшаруашылық өндірісінде кеңінен қолданылған. Ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысда бұл көрсеткіш 50-55 пайыз болған еді. Бірақ кейінгі 10-12 жылдың ішінде республикадағы ірі шаруашылықтардың ыдырауына, сол себепті пайда болған жаңа шрауашылық түрлеріне және жердің жеке меншікке бөлініп берілуіне байланысты игерілген ауыспалы егістер жойылды. Сондықтан, бүгінгі басты мақсат – шаруа қожалығы, жекеменшік, өндірістік кооператив және басқа шаруашылық түрлерінің жағдайларына сәйкестендіріп қайтадан ауыспалы егістерді жоспарлау, оларды өндіріске енгізу және игеруді қолға алу керек. Ол үшін шаруашылық өз жерлерін қайтадан танаптарға бөліп, олардың шекараларын белгілеуге тиісті.



Ауыспалы егісті енгізу деген құрастырылған және бекітілген ауыспалы егіс жобасын шаруашылықтың егіншілікте пайдаланылатын жерлеріне көшіру. Ауыспалы егісті енгізу жоспарлы түрде жүргізілуге тиісті. Ең алдымен шаруашылық өзінің негізгі бағытын анықтап (егіншілік, немесе мал шаруашылығы), соған сәйкес егіс көлемінің құрылымын жасап, өзіне агрономиялық және экономиялық жағынан тиімді ауыспалы егістердің нобайын құрастырулары керек.

Ауыспалы егіс енгізілгеннен кейін 2-3 жыл ішінде игерілуге тиіс. Осы жылдардың ішінде ауыспалы егістегі шаруашылыққа бағалы дақылдарға алғы егіс таңданылып алынуы керек. Ол үшін ауыспалы егіске көшу жоспары жасалады.



Ауыспалы егісті игеру жоспарын орындауға кірісуді және ауылшаруашылық дақылдары мен парлардың ауыспалы егіс нобайына сәйкес алғы егістерге орналастыруды ауыспалы егісті игеру дейді.

Игерілген ауыспалы егіс, онда барлық агротехникалық шаралардың дұрыс және сапалы жүргізілуіне байланысты, шаруашылықтағы егістік жерлердің құнарлылығын жоғарылатып, танаптардағы арамшөптерді, зиянкес организмдерді жойып, ауылшаруашылық дақылдарына қолайлы жағдай туғызып, олардың өнімін жоғарылатуға және сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызуы керек.



Ауыспалы егістің тарих кітапшасы және агрономиялық құжаты.

Енгізілген ауыспалы егістің игерілуіне көшу мезгілінде шаруашылықта өсірілетін дақылдардың өнімі мен сапасын жақсарту үшін оларды өте жақсы және жақсы алғы егістерден кейін орналастыруды, шаруашылықтың жер көлемін тиімді пайдалануды, малдарды жеткілікті мөлшерде сапалы жем-шөппен қамтамасыз етуді, ауылшаруашылық машиналары мен құрал жабдықтарын және басқа техникаларды ұтымды пайдалануды жоспарлау керек.

Игерілген ауыспалы егістерді қадағалап, шаруашылықта жоспарлы түрде пайдалану үшін олардың тарихи кітапшасы болуы шарт. Бұл кітапшада әр танаптың жағдайы (жер бедері, топырақтың гранулометриялық құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, қарашірік қабатының қалыңдығы, коректік заттар, яғни азоттың, фосфордың және калийдің қорлары, арамшөптерден,ауру қоздырғыштар мен зиянды жәндіктерден тазалығы және басқа маңызды көрсеткіштері), ауыспалы егістің енгізілген және игерілген уақыттары жазылулары қажет.

Аталған кітапшада танапта жыл сайын жүргізілген агротехниклық шаралар, яғни топырақ өңдеу тәсілдері, алғы егістер, дақылдардың себілген мезгілдері, тәсілдері мен мерзімдері, олардың егістіктерінде пайдаланылған орнаганикалық, минералдық тыңайтқыштар түрлері мен мөлшерлері, арамшөптерге қарсы қолданылған гербицидтер мен зиянды организмдерге қолданылған пестицидтер туралы мәліметтер жазылады.

Сонымен қатар, алғы егістің тарих кітапшасына әр жылдың ауа райының ерекшеліктерін (ауаның температурасы, атмосфералық жауын-шашын мөлшері және басқа) белгілеп отырудың үлкен өндірістік маңызы бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Ауыспалы егісті енгізу және игеру

2. Арнайы ауыспалы егіс, онда егілетін дақылдар, нобайлары

3.Ауыспалы егістің тарих кітапшасының маңызы


Негізгі әдебиеттер:

1.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш., Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005

2.Жаңабаев Қ.Ш., егіншілік оқулық 2006

Қосымша әдебиеттер:

1.Жаңабаев Қ.Ш.,Саудабаев Т.С., Сейтов И.С., Өсімдік шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы, «Қайнар» 1994



14Дәріс

Тақырып: Топырақ өңдеудің ғылыми негізі мен маңызы

Мақсаты:Топырақ өңдеуді ғылыми негізі туралы мәлімет беру ,және оның маңызын түсідіру

Міндеті:Топырақтың құнарлылығын арттырып, онв эрозиядан сақтау шараларын студенттерге үйрету

Кілтті сөздер: топырақ тығыздығы, фитосанитарлық жағдай, ауыспалы егіс, жіктеу,аралық дақыл, құжат , танап

Жоспар:

1. Топырақ өңдеуге қажетті тіршілік факторлары

2. Топырақ өңдеу және оның тәсілдері

3. Топырақ өңдеудің маңызы

Егіншіліктегі ең ауыры және маңыздылығы жағынан ерекше орын алатын агротехникалық шаралардың бірі – топырақ өңдеу. Оны ғылыми және өндірістік тұрғыдан алып қарасақ егіншіліктің негізгі фундаменті болып табылады.

Э.Рассел топырақ өңдеудің маңызын атай келіп, оның құнарлылығын арттыру үшін қолдан берілетін тыңайтқыштардан да зор екенін, өйткені тыңайтқыш беру арқылы топырақтың тек коректену режімін жақсартсақ, ал топырақты өңдеу арқылы оның ауа, жылу, ылғал және коректік заттар режімдерін қолайлы жағдайға келтіреміз деген еді.

Шынындада, тіршілік факторларының өсімдіктер үшін қолайлы қалыптасуы топырақ өңдеу жүйесіне тікелей байланысты. Топырақ өңдеу жұмысы дер кезінде және сапалы түрде жүргізілсе оның ылғалдық, жылулық, ауа және коректік заттар режимдерінің жақсы реттелуіне, яғни ауылшаруашылық дақылдарының өніп-өсуіне және дамуына оңтайлы жағдай жасалады. Топырақты өңдеу арқасында оның жырту қабатының жағдайы, яғни тығыздығы, құрылысы, фитосанитарлық жағдайлары жақсарады.

Сонымен, топырақ өңдеу деп ауылшаруашылық дақылдарының өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін оған машиналар мен құралдардың жұмыс органдары арқылы механикалық әсер етуді айтады.

Өзінің мағнасы, еңбек сіңіруді, энергияны қажет етуі жағынан топырақ өңдеу егіншілікте бірінші орында тұр. Сондықтан, оны ешқандай басқа агротехникалық шаралармен алмастыруға болмайды. Топырақ өңдеу сапалы жүргізілсе, онда ауылшаруашылық дақылдарының өнімі 25 пайызға артады.

Топырақты өңдеуге үлкен қаражат, көп еңбек және энергия жұмсалады. Атап айтқанда, егіншілікте жұмсалатын энергияның 30-40 пайызы осы топырақ өңдеудің үлесіне тиеді. Сондықтан, егіншілікте энергия жұмсалу мөлшерін азайту ең өзекті мәселелердің бірі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері және шаруашылықтардың тәжірибелері осы күні өндірісте қолданылып жүрген топырақ өңдеу жүйесі энергиялық шығындарды көп болса 5-20 пайызға азайтады, сондықтан бұл мәселені түбегейлі шешу үшін әдеттен тыс топырақ өңдеу жолдарын іздестіру қажет.

Тек, жерді жырту үшін ғана дүние жүзінде адамдар жылына 810 миллион тонна топырақты аударады екен. Егер, осы аударылған топырақты бір жерге үйсе, оның көлемі 20 куб шақырым болатын көрінеді. Осындай мөлшердегі топырақты аудару үшін қанша күш, жанар-жағар май, техника керек екенін көзге елестеудің өзі қиын.

Академик Д.Н.Прянишниковтың айтуына қарағанда жерді жылына тек бір рет жыртқанда бүкіл әлемдегі өзендер қанша топырақты ағызып әкететін болса, сонша топырақ аударылады екен.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда топырақ өңдеудің барлық тәсілдерін, яғни жыртуды, тырмалауды, культивациялауды, дискілеуді, мала басуды және басқаларын қоса есептесе, онда жер шарын жылына 2,5 рет жыртып шыққанға тең жұмыс жүргізілетін көрінеді.

Мұнымен қатар топырақы өңдеу үшін қыруар жанар-жағар майлар жұмсалады. Мысалы, П.У.Бахтиннің зерттеулері бойынша ТМД елдерінде тек жер жырту үшін ғана жылына 3,3 млн. тоннаға жуық жанар-жағар майлар жұмсалады. Осындай қиындығына қарамастан егіншілікте әлде болса, алдағы 15-20 жыл ішінде топырақ өңдеу үшін оған механикалық құралдар арқылы әсер ету (соқа, культиватор, тырмалар және басқа құралдар арқылы) сақталады. Келтірілген мысалдар топырақ өңдеу егіншіліктегі ең қиын және ауыр агротехникалық шара екенін көрсетіп отыр.

Осы жұмсалған қыруар еңбек пен қаржыны өтеу үшін топырақ өңдеудің алдына төмендегідей мақсаттар қойылады:

- атмосфера мен топырақ арасында газ айналымын жақсарту, жауын-шашынды және қолдан берген суларды топыраққа жақсы сіңіру, топырақтағы ылғал буланып ұшып кетпеу үшін оның жоғарғы беткі қабаты тығыздалмаған, яғни бос (борпылдақ) күйде ұстау;

- топырақтың құнарлылығын арттыру және оны сақтау;

- топырақты эрозия құбылысынан қорғау;

- өңделетін қабаттың құрылысын және құрылымын өзгерту нәтижесінде топырақта жүретін микробиологиялық процестерді күшейту арқылы өсімдіктерді олар оңай сіңіре алатын коректік заттармен қамтамасыз ету;

- қуаңшыл аймақтарда топырақта мүмкіндігінше мол ылғал қорын жинау, ал ылғалы мөлшерден тым көп болатын өңірлерде артық ылғалды жою;

- топырақты арамшөптерден, олардың тұқымдары мен вегетивтік көбею мүшелерінен, ауру қоздырғыштары мен зиянды жәндіктерден тазарту;

- топыраққа өсімдік қалдықтарын, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды толық сіңіруді қамтамасыз ету;

- себілетін дақылдардың тұқымдарын ылғалы мол қолайлы тереңдікке сіңіру үшін жағдай жасау;

- танапты көпжылдық екпелі шөптерден кейін өңдегенде олардың тамыр жүйелерінің тіршілік қабілетін жою;

- суармалы жерлерде топырақтың су өткізгіштік қабілетін жоғарылату.

Осы міндеттер орындалғанда ғана топырақың құнарлылығы артып, өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының өнімі жоғарылайды, кері жағдайда жұмсалған қаржы мен энергия, сіңірілген еңбек нәтиже бермей зая кетеді.

Топырақты механикалық жолмен өңдегенде бірнеше технологиялық операциялар (процестер) жүзеге асады. Олар: қыртысты аудару, топырақты қопсыту, араластыру, тегістеу, нығыздау, арамшөптерді қырқу, микробедер (микрорельеф) жасау, танап бетінде аңызды және өсімдік қалдықтарын сақтау. Топырақ үшін әр технологиялық операцияның өзіндік маңызы бар. Қыртысты аудару ерте пісетін арамшөп тұқымдары егін жиналғанша топыраққа төгіліп, танаптың беткі қабатын ластайды, сондай-ақ өсімдіктердің ауру қоздырғыштары мен зиянкес жәндіктері өздерінің жұмыртқаларын топырақтың беткі қабатына, немесе өсімдік қалдықтарына салады. Осының салдарынан топырақтың үстіңгі қабаты арамшөп тұқымдарымен және аталған зиянды организмдермен ластанып, олардың таралу орталығына айналады.

Бірақ, топырақтың беткі қабатының құрылымы, құрылысы жақсы және қарашірігі (гумусы) молырақ болады, ал төменгі қабатында бұл жағдайлар нашарлау. Сонымен қатар ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының, тракторлар мен комбайндардың, топырақ өзінің салмағынан және физика-химиялық (жауын-шашын) күштердің әсерінен оның үстіңгі қабаты тығыздалады. Осы аталған қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін топырақты 180 градусқа, яғни танаптың беткі қабатын аударып төменге түсіріп, ал астыңғы қабатын үстіне шығару керек. Бұл қыртысты аудару арқылы жүзеге асады. Тік бағытта топырақтың жоғарғы және төменгі қабаттарын өзара алмастыруды қыртысты аудару деп атайды.

Қыртысты аударғанда оның алдына мынандай мақсаттар қойылады:

- қарықтың (борозданың) түбіне аударылып түсірілген топырақтың беткі қабатының қасиеттерін жақсарту;

- арамшөптердің тұқымдарын және вегетативтік көбею мүшелерін олар өніп шыға алмайтын тереңдікке сіңіру;

- танапқа берілетін органикалық, минералдық және жасыл тыңайтқыштарды, өсімдік және жәндіктер қалдықтарын, топыраққа сіңіру.

Топырақтың жырту, қабатының пішіні біркелкі болу үшін оны аударып тұру керек. Қыртысты аудару процесі арқылы топырақтың құнарлы жырту қабаты қалыңдайды. Сондай-ақ, топырақтың беткі қабатында микробиологиялық процестер әдетте жақсы жүреді, соның нәтижесінде мұнда өсімдіктің коректік заттарының мол жиналуына мүмкіндік туады. Қыртысты аудару әр түрлі қайырмасы бар соқа арқылы жүзеге асырылады. Ол жылда, немесе 2-3 жылда бір рет аударылады. Қыртысты аударудың жоғарыда келтірілген жағымды жағына қарамастан, оның қолайсыз кезеңдері де бар. Топырағының гранулометриялық құрамы жеңіл, желі күшті ашық далалық аймақтарда қыртысты аудару танапты өсімдік жамылғысынан айырады, топырақты үгітеді, ондағы ылғалдың буланып ұшып жетуіне жол ашады, сондықтан олар эрозияның пайда болуына және топырақтың құрғап кетуіне әкеліп соқтырады, яғни мұндай жерлерде қыртысты аударуға болмайды. Қорыта келіп айтқанда, қыртысты аудару процесі жергілікті жердің топырақ-климаттық ерекшелігін ескере отырып жүргізілуі керек.

Топырақты қопсыту өз салмағының, қардың, механикалық (ауылшаруашылық техникалары машиналары мен құралдары), физика-химиялық (жауын-шашын) және басқа факторлардың әсерінен нығыздалады, сондықтан ондағы ауа атмосфераға ығыстырылып шығарылады, яғни оның ауа режимі нашарлайды, сондықтан топырақты қопсытып тұру керек. Сонымен қатар топырақты қопсытудың негізгі мақсаты – оған судың жақсы сіңіруін қамтамасыз етіп, ылғал қорын молайту.

Топырақ көлемін ұлғайту үшін оның бөлшектерінің өзара орналасуын өзгертуді топырақты қопсыту дейді. Бұл технологиялық процестің арқасында топырақ нығыздалған кезде бұзылған түтіктік емес қуыстылықтар қалпына келтіріледі, осының салдарынан топырақтың түтікті және түтікті емес қуыстылықтарының арақатынасы қалыпты жағдайға келіп, оның ауа-ылғалдық және жылулық режимдері жақсарады. Қопсыту процесінің нәтижесінде топыраққа оттегінің көп келуінің арқасында ондағы аэробты микроорганизмдердің тіршілік белсенділігі артып, осының арқасында топырақта өсімдікке қажетті коректік заттар қоры мол жиналады. Қопсыған топырақта органикалық қалдықтар жақсы ыдырап, тез минерализацияланады. Қопсыту арқылы топырақ бетінде жауын-шашыннан және суарғаннан кейін пайда болған қабыршақ жойылады. Топырақты қопсыған жағдайда ұстау үшін оны жаз бойы бірнеше рет әр түрлі тереңдікке өңдеуге тура келеді. Қопсыту жиілігі мен тереңдігі нығыздалу дәрежесіне, гранулометриялық құрамына, ауа райына, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, жүргізу мақсатына байланысты 3-4 см-ден 14-16 см-ге дейін ауытқиды. Топырақты қопсыту үшін соқалар, сыдыра жыртқыштар, тырмалар, культиваторлар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет