Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ, ШИКІЗАТТЫ ҚАЙНАТУҒА ДАЙЫНДАУ



бет16/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

ҚАБЫЛДАУ, САҚТАУ, ШИКІЗАТТЫ ҚАЙНАТУҒА ДАЙЫНДАУ



    1. Құрамында крахмалы бар шикізатты тасымалдау, қабылдау, есептеу

Картопты, негізінен, автокөлікте күз кезінде тасымалдайды. Темір жолмен жабық немесе ашық вагондарда тасымалдауға болады.
Қабылдауды қоспаларсыз масса және крахмалдылығы бойынша жүргізеді. Крахмалдың негізгі көрсеткіштен жоғары не төмен әр пайызы үшін төлем артады немесе кемиді. Картоптың басқа көрсеткіштері МЕМСТ талаптарына (кесте 3.1) сәйкес болуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда ол стандартты емес деп қабылданады.
Ағымдағы қайта өңдеу үшін картопты айналым қоймаларына – шикізаттың екітәуліктік қоры сыятын рештактарға түсіреді. Рештак ортасына көлбеу жатқан түбі бар ұзын ашық темір бетонды қамба болып табылады, онда картопты гидротасымалдау үшін науа орналасқан. Ұзақ мерзімді сақтау үшін сау картопты бурттарға салып қояды.
Зауытқа бір мезгілде 2-3 тәуліктік қорынан аса мөлшерде ақаулы картоп келіп түссе, оны сондай-ақ қысқа мерзімді сақтауға бірінші кезекте пайдаланылатын көлемі кіші бурттарға салуға болады.
Сақтаудағы шығындар жинаудан кейінгі картоп күйіне, сақтау жағдайларына тәуелді. Қыркүйектен қарашаға дейін шығын нормасы – айына 1%-дан, желтоқсан – наурыз – айына 0,5%-дан, сәуір - 1%, мамыр – 1,5%. Бүкіл сақтау кезеңіндегі шығындардың жиынтық мөлшері 7,5%-ға жетеді.
Кесте 3.1 – Картоп сапасының көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Нормалар

1

Сыртқы түрі

Түйнектер бүтін, құрғақ, ауруларсыз, өсіп кетпеген, түсіне қарай біртекті немесе әртекті болуы тиіс

2

Пішіні және өлшемдері

Кез келген пішінді. Түйнектер өлшемі (ең үлкен көлденең диаметр бойынша) 30 мм-ден кем емес

3

Крахмалдылығы, % (базистік)

13-16

4

Көгерген, солған, ауыл шаруашылық зиянкестерімен зақымданған түйнектер мөлшері

Шектеулерсіз



5

20-дан 30 мм-ге дейін ұсақ түйнектердің мөлшері (ең үлкен көлденең диаметр бойынша) массаға %-бен, көп емес

5


6

Механикалық зақымданған түйнектер мөлшері, массаға %-бен, көп емес

2


7

Езілген, үсуге ұшыраған, үсіп кеткен, терлеген, «тұншығу» белгілері бар түйнектердің мөлшері

Рұқсат етілмейді



8

Аурулармен зақымданған түйнектер мөлшері, массаға %-бен, көп емес
ооспороз немесе паршамен
құрғақ шірікпен
фитофторамен және тот басумен
дымқыл, сақиналы және түймелі шірікпен

Шектеулерсіз
2
2
Рұқсат етілмейді

9

Түйнектерге жабысқан жердің болуы, массаға %-бен

1,5

10

Бөгде қоспаның болуы (сабан, сабақ және т.б.)

Рұқсат етілмейді


Астық жыл бойы біркелкілеу түседі. Зауытта 3 айлық қоры сақталуы тиіс. Негізінен, темір жол көлігімен жабық вагондарда, сондай-ақ автотүсіргілерде, борттық машиналарда тасымалданады.
Астықты, картопты сияқты қоспаларсыз масса және крахмалдылық бойынша қабылдайды.
Қайнатуға өтетін астықтың сапасы регламенттелмейді. Сау, ылғалдылығы 15-16%-дан көп емес, аурулардың белгілерінсіз, бөтен иіссіз астықты пайдаланған тиімдірек. Алайда спирт зауыттарымен ақаулы астық қайта өңделуі мүмкін. Ақаулылықтың 4 дәрежесін ажыратады: біріншісі – тыныштық күйінен шыққан, уыт иісі бар астық; екіншісі – көгерген-борсыған иісі бар астық; үшіншісі – шіріген-борсыған иісі бар астық; төртіншісі – өздігінен қызуға ұшыраған не отпен кептіруден кейін қарайып кеткен, қабықшасы өзгерген астық. Сонымен қатар, спирт зауыттарына аңызақ, пісіп жетілмеген, аяз ұрған, көгеріп кеткен және т.б. астықты қабылдайды. Егістікте қыстап шыққан астықты улы деп бөлек сақтайды.
Уыт дайындау үшін тек жоғары сапалы, төмендегі 3.2 кестесінде келтірілген талаптарды қанағаттандыратын астықты пайдаланады.
Кесте 3.2 – Уыт өндірісі үшін астық сипаттамасы

Көрсеткіштер

Арпа

Бидай

Қарабидай

Сұлы

Ылғалдылығы, %, көп емес

15,5

15,5

16,0

15,0

Ластығы (шөп-шалам және астық қоспасы), %, көп емес

5,0

5,0

5,0

5,0

Шөп-шалам қоспасы, %, көп емес, соның ішінде зиянды қоспа

2,0
-

2,0
0,2

2,0
0,2

3,0
0,2

Өнгіштігі (өсу қабілеті) – 5-тәулікте, %, кем емес

92

92

92

92

Үшінші тәулікте өсу энергиясы, %, кем емес

85*

85

85

85

Натура, г/дм3, кем емес

685

565

420

-

Астықты вагондардан механикалық күрекпен, сорып алатын пневмокөлікпен түсіреді. Ірі кәсіпорындарда өздігінен жүкті түсіретін астықтасығыш вагондармен астықты жеткізу ұтымдырақ. Автокөліктерден астықты түсіру үшін автокөліктерден жүк түсіргішті пайдаланады. Астықты қабылдағыш бункерге түсіреді, одан шөмішті элеватормен шынжырлы немесе таспалы конвейер көмегімен бірінші тазалауға бағыттайды. Алдын-ала металды қоспаларды магнитті колонкалармен не сепараторлармен алып тастау ұсынылады. 3-5 күндік қорды құрайтын мөлшердегі астықты сақтауға қоймайды.


Астықты ұзақ мерзімді сақтау қамба немесе элеватор типті астық қоймаларында өткізіледі. Соңғылары өнімділігі тәулігіне 3 мың далдан аса спирт өндіретін спирт зауыттары үшін ұсынылады.
Сынамаларды әр вагоннан немесе автомашинадан щуптар көмегімен іріктейді. Ластығы, ылғалдылығы және крахмалдылығы анықталатын орташа сынамаларды құрайды.
Сақтаудағы шығындар келесі нормалардан аспауы тиіс (%): 0,045 – 3 ай сақтағанда; 0,065 – 6 айда; 0,095 – 12 айда.
Меласса темір жол цистерналарында немесе болат бөшкелерде тасымалданады.
Мелассаны масса және тығыздық бойынша қабылдайды, бұл мәліметтер әр партияға жолдама хаттарда көрсетіледі. Мелассаны өздігінен ағумен зауыт жұмысының тәуліктік қорына есептелген көлемдегі қабылдау жинағыштарына түсіреді. Қабылдау жинағыштарынан мелассаны айналмалы сорғышпен сыйымдылығы 3 айлық қорға есептелген болуы тиіс ұзақ мерзімді сақтауға арналған резервуарларға ауыстырып құяды. Суық кезде мелассаны цистерналардан немесе бөшкелерден ауыстырып құюды оңайлату үшін оны бумен жылытады. Пайда болатын сұйықты бөлек жинайды және дереу қайта өңдейді.
Орташа сынамаларды әрбір темір жол цистернасынан іріктейді және құрғақ заттар мөлшері, тура және инверсиялық поляризация бойынша қант, қанттылық (ашытылатын қанттардың жиынтық мөлшері), меласса реакциясын (рН) анықтай отырып анализдейді. Қабылданған мелассаға төлемді қанттылығы бойынша төлем жасайды. Есептер негізіне қабылданатын қанттылықтың негізгі мәні – 46%.
Сол сияқты сынамаларды бөшкелерден және автоцистерналардан іріктеп алып, жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша анализдейді.
Құрғақ заттар мөлшері 76%-дан кем, рН 6,8-ден аз, нитрит түзуші бактериялар мен лейконосток жұққан мелассаны ұзақ уақыт сақтауға рұқсат етілмейді.
Тасымалдаудағы меласса шығындары аспауы тиіс (массаға %-бен): автоцистерналар мен бөшкелерде қыста – 0,05; жазда – 0,1; темір жол цистерналарында – 0,72. Мелассаны сақтауда рұқсат етілген шығындар – 0,15%.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет