Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет24/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)
10 сынып БЖБ 2 тоқсан, Билет8., Әмірғали Диана БҚБ-303 ОСӨЖ 2 СБ, дүниетану тест
Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

  1. Құрамында крахмалы бар шикізатты сулы-жылулық өңдеудің мақсаттарын атаңыз.

  2. Астық және картопты қайнатудағы жүретін үдерістерді сипаттаңыз. Қайнатуда крахмал, ақуыздар, крахмалды емес полисахаридтер, қанттармен қандай өзгерістер өтеді?

  3. Қайнату тәсілдерін сипаттаңыз. Шикізатты сулы-жылулық өңдеудің Мичурин және Мироцкий сұлбаларының салыстырмалы бағасын беріңіз.

  4. Қайнатылған массаның сапасы қалай бағаланады?




  1. СПИРТ ӨНДІРІСІ ҮШІН ҚАНТТАНДЫРУ МАТЕРИАЛДАРЫН АЛУ



    1. Уыт ферменттері және микробты ферментті препараттардың сипаттамасы

Спирт өндірісінде қанттандыру материалдарын құрамында крахмалы бар шикізаттан қайнатылған массаның еріген заттарының гидролизі үшін пайдаланылады.
Крахмалдың еруі мен гидролизі шикізатты ашытуға дайындау сатыларының негізгі мәселесі болып есептеледі, өйткені ерімеген крахмал өте баяу гидролизденеді, ал ашытқымен тек төмен молекулалы гидролиз өнімдері ашытылады: қанттар және төмен молекулалы декстриндер (мальтотриоза).
Ақуызды заттардың гидролизі кезінде ашытқының көбеюі үшін қажетті амин қышқылдары мен пептидтер жиналады.
Осыған байланысты қанттандыру материалдарының құрамына крахмал мен ақуызды заттарды гидролиздейтін ферменттер кіруі тиіс.
Оған қоса, соңғы жылдары крахмалды емес полисахаридтерді гидролиздейтін ферменттерді пайдалану кеңінен ұсынылады, бұл шикізаттың жасуша қабырғаларының ішінара еруін қамтамасыз етуге және шикізат жасушаларының ішіне басқа ферменттердің кіруін оңайлатуға мүмкіндік береді.
Спирт өндірісінде ферменттердің көздері ретінде уыт және микробты ферментті препараттары қолданылады.
Уытты бірін-бірі толықтыратын, крахмал ыдырауының керекті дәрежесін қамтамасыз ететін ферментті кешені бар бірнеше астық тұқымдасынан алады. Сонымен қатар, уыт ашытқы үшін азотты қоректену көзі болып табылады және де оның құрамында шикізат ақуыздарының гидролизін жүзеге асыратын протеолитикалық ферменттер кешені болады.
Алайда қанттандыру материалы ретінде уытты қолданудың бірқатар кемшіліктері бар:

  • шикізат крахмалын уытпен қанттандыру жылдамдығы төмен;

  • уыт өсіруде тек жоғары сапалы, өсу қабілеті жоғары астықты пайдалану қажет;

  • уыт өндірісінің кезеңі ұзаққа созылады – 6-10 тәулікке дейін, осы уақытта астықтың құрғақ заттарының шығындары 20%-ға жетеді, бұл оны алудың үнемділігін одан сайын төмендетеді;

  • уыт ашымақты инфекциялаудың көзі болуы мүмкін, әсіресе егер оның крахмалы нашар еріген болса.

Сол себепті қазіргі кезде спирт зауыттарының көпшілігі қанттандыру материалдары ретінде микробты ферментті препараттарды қолданады.
Оларды пайдаланудың артықшылықтары:

  • микроағзалар – ферменттердің продуценттері қоректік ортаның құрамына байланысты керекті ферменттерді синтездеуге қабілетті, бұл өсіру ортасының компоненттерін талғау жолымен синтезделетін ферменттер жиынтығын реттеуге мүмкіндік береді;

  • оларды культивациялауда, әдетте, арзан қоректік орта пайдаланылады: кебектер, сығындылар, күнбағыс қауызы, төмен сұрыпты ұн және т.б.;

  • оларды культивациялау кезеңдері ұзақ емес – 60-100 сағат;

  • спирт өндірісінде біршама арзан тазартылмаған ферментті препараттар пайдаланылады, себебі спирттің бөлінуінен кейін ферментті препараттармен енген барлық балласт заттар соңғы өнімге өтпейді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет