Микроағзаларды культивациялауда ферментті препараттарды алудың технологиялық үдерісін 3 негізгі сатыға бөлуге болады:
Егу материалын алу.
Беттік немесе терең культивациялау әдістерімен микроағзаның өндірістік культурасын алу.
Өндірістік культурадан техникалық немесе тазартылған ферментті препараттарды алу.
Егу материалын алу өнеркәсіптік микроағзалар коллекциясынан немесе штаммдар сақталып, белсенді күйінде ұсталып тұратын зауыттың таза культуралар зертханасынан орталықтан жеткізілетін ферменттер продуцентінің бастапқы штаммынан жасалады.
Өндірістік егу материалын алу технологиясы продуцент түріне және оны культивациялау тәсіліне байланысты.
Культивациялаудың беттік тәсілі үшін егу материалын мына түрде алады:
а) қатты қоректік ортада өсірілген культура;
б) сұйық ортада тереңдей культивациялау тәсілімен өсірілген продуценттің мицелиалды массасы.
Егу материалының түрінен тәуелсіз оны бірнеше сатыда алады:
12-20 қайталануда жаңа қоректік ортаға қайта егу және термостатта культивациялау жолымен бастапқы өндірістік культураны жаңарту.
Жеке компоненттерді араластырумен қоректік ортаны дайындау: уыт сабақтары қосылған ылғалдандырылған бидай кебектері, үгінділер, қызылша сығындысы және т.б.
Қоректік орта мен аппаратураны бикстарда 0,15 МПа 60 минут бу қысымында зарарсыздандыру.
Культураның өсу температурасына дейін ортаны суыту.
Продуценттің бастапқы штаммымен ортаны егу.
Белгілі бір жас шамасына дейін культураны өсіру.
Кептірумен не төмен температураларда сақтаумен егу материалын консервілеу.
Сол сияқты егу материалын микроағзаларды тереңдей культивациялауда дайындайды.
Бұл жағдайда егу материалы ретінде мицелиалды массаны (саңырауқұлақтар мен актиномицеттер үшін) немесе жас спора түзгіш культураны (бактериялар үшін) пайдаланады.
Егу материалын алу сатылары:
Агарланған ортада бастапқы культураны жаңарту.
Тербелмедегі колбаларда сұйық ортада культураны өсіру.
Инокуляторларда продуцентті культивациялау.
Егу материалының мөлшері кәсіпорын өнімділігі және өндірістік культивациялауда егу нормасына байланысты. Беттік культивациялауда егу материалының мөлшері спора түзгіш егу культурасын пайдаланғанда қайта өңделетін шикізат массасына 0,2-1,0% және мицелиалды егу материалын пайдаланғанда 1,5-2,5% құрайды. Тереңдей культивациялау үшін қолданылатын микроағзалар түріне байланысты егу материалының шығыны 0,2-ден 2,5%-ға дейін құрайды.
Беттік тәсілмен культураларды өндірістік культивациялау зарарсыздандырылған ортада кюветаларда жүргізіледі, оларды ылғалдандырылған орта мен егу культурасын егіп толтырғаннан кейін этажеркаға қойып, зарарсыздандырылған ауа берілетін өсіру камерасына салады. Культивациялау температурасы – 26-30 0С, өсіру ұзақтығы – 36-42 сағат. Дайын культураны тасымалдау және сақтау үшін 18-20% ылғалдылыққа дейін кептіреді және қағаз қаптарға орайды.
Суреттелген тәсіл еңбекті өте көп қажет етеді, аз механикаландырылған. Кюветасыз тәсіл тиімдірек. Бұл тәсіл бойынша өндірістік жағдайларда культураларды өсіру аппараттағы тік каналдар бойынша ауамен үрлеумен аэрацияланатын қоректік ортаның тік қабаты бар аппараттарда өткізіледі.
Терең тәсіл бойынша өндірістік культивациялау сұйық қоректік ортада өткізіледі. Ортаға қайнатылған және уытпен немесе бактериалды амилазамен қанттандырылған жүгері немесе бидай ұны кіреді. Оған қоректік тұздар, ақуыздар гидролизаты, барда сусүзбесі және басқа да қоректік компоненттерді қосады.
Микроағзалар культураларын өсіруді периодты, үздіксіз-циклдік немесе үздіксіз-ағынды әдіспен зауыттың өнімділігіне байланысты сыйымдылығы әртүрлі ферментерде өткізуге болады.
Мысалы, жиі пайдаланылатын Aspergillus awamori культурасын Глюкоаваморинді Гх-466 алу үшін культивациялау мамандандырылған кәсіпорындарда немесе спирт зауыттарының ферментті цехтерінде қанттандырылған жүгері суслосында жүргізіледі. Жүгері ұны 1:2,5-3 сумен араластырылады, 143-151 0С температурада 15-20 минут қайнатылады және уыт сүтімен 58-60 0С температурада 30 минут қанттандырылады. Құрғақ заттар концентрациясы 18-20% қоректік орта түйіспелі баста 120-125 0С температурада қосымша зарарсыздандырылады, зарарсыздандырғышта 30-40 минут ұсталып, 35 0С температураға дейін суытылып, ферментерге келеді. Егу материалының егілуі инокулятордан қысу сызығы бойынша қоректік орта көлеміне 3% мөлшерінде өткізіледі. Өсіру 34-35 0С температурада, 0,02-0,03 МПа қысымда, үздіксіз сағатына 30-60 м3/м3 орта мөлшерінде зарарсыздандырылған ауа беріп және араластыра отырып өтеді. Өсіру ұзақтығы – 120-160 сағат. Ферментерге беру алдында ауаны сүзгілердің үш қабат жүйесі арқылы өткізумен механикалық қоспалар мен микроағзалардан босатады.
Культивациялау үдерісінде ортаның барлық аралық сынамалары, егу культурасы, ауаның микробиологиялық тазалығын микробиологиялық орталарға егу жолымен бақылайды.
Глюкоаваморин Гх дайын ферментті препараты 200 бірл/см3 глюкоамилаза белсенділігіне ие болуы тиіс. Оны өндіріске алдын-ала зарарсыздандырылған жинағыштарға береді, онда 18-20 0С температурада сақтайды.
Глюкоавамориннен Гх басқа спирт өндірісінде басқа ферментті препараттарды сол сияқты технологиялық сұлбалар бойынша өсіреді: Амилодиастатин Гх, Глюкобататин Гх, Глюкоэндомикопсин Гх және т.б.
Соңғы жылдары спирт зауыттары шетел фирмаларының қатары шығаратын түрлі сауда атаулары бар сұйық тазартылған ферментті препараттарды кеңінен пайдаланады. Ең кең тарағандары – «Ново-Нордиск» (САН супер, Термамил, Фунгамил), «Эндэ Индустриал Корпорэйшен» (Зимаджунт, Глюкозим) және т.б. фирмалардың препараттары.