Қанттандыру толықтығын бақылау йодты сынама бойынша жүргізіледі. Егер йод ерітіндісі сусло сусүзбесімен араластырғанда түсін өзгертпесе, онда қанттандыру толығымен өтті. Алайда бұл тек уытпен қанттандырғандағы жағдайға тән, ферментті препараттарды пайдаланғанда, йод ерітіндісі көкшіл-күлгін түсте қала алады және ашу кезінде жоғалады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары Қанттандыру мақсаттарын атаңыз. Спирт өндірісі технологиялық үдерісінің қандай сатыларында крахмал және шикізаттың басқа заттарының гидролизі жүзеге асады?
Уыт және микробты ферментті препараттар ферменттері әсерінен крахмал, ақуыздар, крахмалды емес полисахаридтер гидролизінің механизмін келтіріңіз.
Қанттандыру алдында уыт және микробты ферментті препараттар дайындығы қалай өткізіледі? Қанттандыру материалдарының шығыны қалай анықталады?