Лютер суы (спирттен босатылған флегма) колоннаның төменгі жағынан гидравликалық бекітпе 13 арқылы іріктеледі және ішінара сивуш фракциясын жууға қолданылады, ішінара канализацияға түсіріледі. Оны заместі дайындау үшін пайдалануға болады. Конденсацияланбаған газдардан спиртті ұстау үшін спирт ұстағыштар 14 қызмет етеді. Барлық колонналар вакуум-үзгіштер, суды, буды беру реттеуіштері, термометрлермен жабдықтанған.
Қондырғылардың жұмыс істеуін үздіксіз бақылау үшін ашымақты беру, басты фракция, пастеризацияланбаған, сивуш және ректификацияланған спирт, сонымен бірге сивуш фракциясын іріктеу желісінде ротаметрлерді орнатады.
БРҚ-ды 4-қабаттарда бөлек жекеленген бөлмеде құрастырады.
БТБТҒЗИ құрастырған жартылай тура немесе жанама-тураағысты әрекетті қондырғылар кеңінен тарап жатыр. Олар тәулігіне 100, 500, 1000, 1500, 2000, 3000, 6000 дал өнімділікті шығарылады. Осы БРҚ-дың өзгеше ерекшелігі ашымақ колоннасында ашымақтың алдын-ала эпюрациясы мен эпюрациялық колоннаны жылытуға ашымақ колоннасынан шығатын спиртті-сулы будың бір бөлігін пайдалану болып табылады.
Ашымақ колоннасының жоғарғы бөлігінде ашымақ эпюрациясы (басты қоспалардан арылу) іске асырылатын 6-11 тәрелке бар. Төменгі айдау бөлігінде 17-23 тәрелке болады. 70-75 0С-қа дейін қыздырылған ашымақ СО2 сепараторын өтіп, ашымақ колоннасының эпюрациялайтын бөлігінің жоғарғы тәрелкесіне келеді және басты қоспалардан колоннаның айдау бөлігінен шыққан спиртті-сулы бу есебінен босатылады. Брагоэпюрациялық колоннаның жоғарғы бөлігінен басты қоспалармен спиртті-сулы бу ашымақ жылытқышында және конденсаторларда конденсацияланады және ашымақ дистилляты түрінде эпюрациялық колоннаны қуаттандыруға беріледі. Қоспалардың негізгі бөлігінен босатылған ашымақ ашымақ колоннасының айдау бөлігіне ағады және одан қалған спирт буланып кетеді. Айдау бөлігінен спиртті-сулы бу шамамен 2 бірдей ағынға бөлінеді: бірі ашымақ эпюрациясына, ал басқасы көбік ұстағыш арқылы эпюрациялық колоннаны жылытуға барады. Осы жағдайларда ашымақ құрамындағы спирттің 60-80%-ы эпюрациялық колоннаны қуаттандыруға, қалған бөлігі спиртті-сулы бу түрінде оны жылытуға кетеді. Жанама-тураағысты әрекетті қондырғының басқа жұмыс режимдері жанама әрекетті БРҚ жұмысына ұқсас.
Спирт шығымы крахмалға қайта есептегенде ашытылатын көмірсулардың (крахмал, қанттардың) 1 т-сынан алынған декалитрдегі көлем ретінде анықталады.
Спирттік ашу теңдеуі бойынша есептелген теориялық шығым 1 т шартты крахмалдан 71,98 дал құрайды.
Практикалық шығым теориялықтан 81,5-нан 93%-ға дейін ауытқиды және әртүрлі шикізат түрлері үшін нормаланады. Оның мәні шығындар шамасына теориялықтан аз. Спирт өндірісінде механикалық және технологиялық шығындарды ескереді.
Механикалық шығындар жабдықтар ақаулығы, өндіріс үдерісін ұйымдастырудағы бұзылулардан туған. Оларға астық, картопты шашып алғаннан, құбырлардағы тығыз емес жерлерден ағып кетуден шығындарды, жартылай өнімдердің жабдықтарды жуудағы шығындарын, колонналар, конденсаторлардың ернемектері арқылы спирттің булануын және т.б. жатқызады.
Технологиялық шығындардың болуы спирт өндірісі үдерістерінің өтуімен байланысқан және олар жасырын сипатты болады. Олар тек сатылап бақылауда және өндірісті есептегенде айқындалуы мүмкін. Оларға шикізатты ұсақтағанда, қайнатқандағы крахмал шығындарын, ашытқы биомассасының синтезіне, қосалқы ашу өнімдерінің түзілуіне, ашытылмаған қанттарға кететін шығындарды, ашу газдарымен, бардамен кететін спирт шығындарын және т.б. жатқызады. Бұл шығындарды төмендету жолдары технологиялық үдерістерді жетілдірумен, әр өндірістік сатыда режимдерді сақтаумен байланысты.
Шығын нормалары мен оған әкелетін себептер, сонымен бірге оларды азайту жолдары /1, 9, 10/ әдебиетте жан-жақты келтірілген.