Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Кәсіпорынның сайман шаруашылығын ұйымдастыру



бет4/7
Дата11.10.2022
өлшемі27,79 Kb.
#152567
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

1.3. Кәсіпорынның сайман шаруашылығын ұйымдастыру.
Өнеркәсіп өнімін өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технолоигялық құралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бұйымдарды өндіру үшін мыңдаған типтік размерлі құарл-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардың сапасына, оларға қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану және жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезіндегі техникалық бақылауды ұйымдастыру, құарл-сайман шаруашылығын жетілдіру шараларын дайындау кіреді.
Қолданылатын құралдардың әр түрлілігін есере отырып, өндірісте оларды дайындауды және қолдануды болжау үшін оның нақты жіктемесі жасалып, индекстелуі керек. Жабдықтауды іктеу негізінде өндірістік-техникалық және конструкциялық белгілері бойынша оның топтамасы жасалады. Кәсіпорында толығымен қолданылатын құрал-саймандарды пайдалану сипаттамасы бойынша арнайы және стандартты болып екіге бөлінеді. Арнайы құрал ретінде нақты операцияда белгілі бұйымды өндіруге ғана қолданылатын құрал-сайманды айтады. Оны тұтынатын кәсіпорындардың өздері дайындайды. Стандартты деп әр түрлі бөлшектерді өңдеу үшін қолданылатын құрал-саймандарды атайды. Олар құрал-сайман шығаратын зауыттарды өндіріледі. Құрал-саймандар атқаратын қызметіне қарай бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар болып бөлінеді.
Мысалы, темір өңдеуші құралдар бойынша келесі топтарға бөлінеді: кесуші, өлшеуші, монтаждау, қосалқы құралдар және т.б.
Құрал-жабдықтарға деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау үшін бағдарламаға сәйкес құрал-жабдықтардың шығындарын анықтау, кәсіпорынның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрал-жабдықтардың қорын есептеу, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарын құру қажет.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда құрал-саймандарды ұйымдастыруды жетілдіру кәсіпорынның тиімділігн арттырудың негізгі көзі келесі болып келеді:
- стандарттық құрал-сайман өндірісінің орталықтандыруы және мамандануы;
- арнайы жабдықтардың унификациясы және стандартизациясы;
- кәсіпорында технолоигялық жабдықтарды қайта құру немесе қалпына келтіру бойынша жұмыстарды кеңейту;
- жұмыс орындарын жабдықтармен қамтамасыз ету әдістерін және прогрессивті жүйелерді қолдануды кеңейту;
- технологиялық жабдықтарды және құралдардың арнайы қоймаларын құру, қоймалық операцияларды автоматтандыру негізінде құрал-сайман қоймаларының жұмыстық жүйесін құру;
- оперативті-өндірістік жоспарлаудың алдыңғы қатарлы жүйелерінің және құрал-сайманмен қызмет көрсетуді ұйымдастыруына есептің кең енгізілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет