Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет6/7
Дата11.10.2022
өлшемі27,79 Kb.
#152567
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Қорытынды:
Жөндеу шаруашылығының бөлiмiн бас механик басқарады. Әрбiр геологиялық барлау, бұрғылау, өндiру кәсiпорында жабдықты пайдаланумен байланысты көп көлемде жөндеу жұмыстарын өткiзедi. Сондықтан, жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту.
Техникалық қызмет ету – дегенiмiз әр сменалық күту, яғни механизмдердi (тетiктердi) уақтылы қалыпқа келтiру, майда бұзылыстарды жою, профилактикалық техникалық байқау өткiзу. Мұнын бәрi белгiленген уақытта өткiзiлiп, бұзылыстардың байқалып, қалпына келтiру мақсатымен атқарылады.
Құрал- жабдықтарды жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жүмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклының ішінде жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал-жабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне карай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-жақта жүргізу және аралас жөндеу. Орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөндеу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жан-жақта жүргізілетін жөндеу жүмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерінің көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу-механикалық цехы жүргізеді.
Өнеркәсіптік өнім өндіру кезінде құрал-саймандар, жабдықтар және тағы басқа көптеген технологиялық кұралдар кеңінен пайдаланылады. Кәсіпорында көп бөлшекті, конструкциясы күрделі бүйымдарды ендіру үшін мыңдаған типтік размерлі құрал-саймандарды қолданады. Технологиялық жабдықтардық сапасына, оларга қойылатын талаптарға байланысты өндірілетін өнімнің техникалық деңгейі, өндірістің тиімділігі анықталады.
Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығы өндірісті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, оны сақтау, қолдану жэне жөндеу жұмыстарын жүргізуді басқару үшін бір жерге орталықтандырады. Құрал-сайман шаруашылығының негізгі міндеттеріне кәсіпорынның жабдықтарға қажеттілігін анықтау, құралдарды пайдалануды және оларды қолдану кезінде техникалық бақылауды ұйымдастыру, кұрал-сайман шаруашылығьн жетілдіру шараларын дайындау жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет