Фенологиялық бақылаулар.
Табиғат объектілерінде ұдайы фенологиялық бақылаулар ұйымдастыру оқушылардың оны жақсы зерттеуіне және ауыл шаруашылық практикасы үшін маңызды мағлұматтар жинауына мүмкіндік береді.
Мұғалімдер табиғатты бақылауды, ауа райы календарын жасауды, сонымен бірге 1-кластан бастап табиғат календарын жасауды ұйымдастырады. Мысалы, І - ІІ кластарда ауа райының жағдайын білдіретін (бұлтты, жауын, ашық) шартты белгілерден басқа жылдың белгілі бір мезгілін сипаттайтын жиналған жапырақтарды, жемістерді немесе суреттерді желімдеуге болады.
III-IV кластарда бақылау жұмыстары және бақылауды безендіру біраз күрделене түседі. Мұнда оқушыларға тек бұлттылықты немесе температураны ғана емес, желдің соғу бағытын немесе тірі табиғаттың күйін анықтау тапсырылады, мысалы: жылдың белгілі кезеңіне сай гүлдейтін өсімдіктер немесе тірі табиғаттың күйін анықтау тапсырылады, мысалы: жылдың белгілі кезеңіне сай гүлдейтін өсімдіктер немесе құстың келуі және қайтып кетуі, т.б.
Барлық жұмыстарға фенологиялық бақылауларды нақты жоспарлап, нені бақылап, бақылауды не үшін жүргізетінін алдын ала анықтайды. Жас бақылаушылар үшін тақырыпты және бақыланатын объектіні анықтау керек. ысалы, бақылаулар тақырыптарының мынадай болуы мүмкін: "Жаздық Арнаутка бидайының дамуы"; "Сәндік үшін өсірілетін өсімдіктер — жауқазындар, нарцистер, пиондардың гүлдеу үзақтығы" (У-УІ кластар үшін); "Жыл құстарының түршілігі (қараторғай және қарлығаш)"; "Отырықшы құстардың тіршілігі (шыбжық пен сарыбауыр шымшық)", т.б. (VII класс оқушылары үшін). Жоғары класс оқушыларына мынадай тәжірибелерді ұсынуға болады: "Микроэлементтердің түсімге және картоп түйінінің сапасына әсері"; "Овощ дақылдарын өсіру агротехникасын және биологиялық ерекшеліктерін өсіру агротехникасын және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу", сондай-ақ колхоз және ғылыми мекемелердің тапсырмасы бойынша жасалатын тәжірибелер.
Құстарды бақылаған кезде оның ұшып келуі немесе ұшып өтуін (отырықшы құстардан басқасын), шағылысуын, қоразданып орны мен көктемгі әнін, ұя салу кезеңін, жұмыртқалауын, жұмыртқа басуға, балапандарының пайда болу уақытын, балапандардың қанаттануын; күзде топ құруын, қайтуын, күзде ұшып өтуі қайту мерзімдерін белгілеу керек.
Оқушылардың құстарды бақылау процесінде кейбір мәселелерді, мысалы, құстың ән айту мерзімінің ұзындығын шешуіне болады. Құстың бір түрінде ән айту ұзақтығы март айының басынан, июньнің аяғына дейін, ал басқаларында - апрельдің соңынан майдың аяғына дейін созылады. Бұл мерзімдер көбінесе жыл құстарына тән анықталады, ал біздің кейбір қыстап қалатын құстарымыз ән айтуды одан да ертерек бастайды. (Мысалы, шөжеторғай, шымшық, сушымшық және басқа құстар тіпті қыста да ән салады.)
Оқушыларға мұнымен қатар, мысалы, шамамен кейбір құстар күн тәулігінің қай мезгілінде ән салатынын анықтауға тапсырма беруге болады.
Оқушылар бақылай отырып, мынадай қорытындыға келеді: құстың біреуі түн ортасында ән салса, екіншісі - түннің екінші жартысында үшіншісі таң сәріде ән салады. Жиналған материал өзіндік ерекшелігі бар "Құстар календарын" және "Құстар сағатын" құрастыруға мүмкіндік береді.
Жас бақылаушылар мұндай календарьды зиянды насекомдар пайда бола бастаған кезде насекомды бақылау үшін жасауына болады. Бұл зиянды насекомдардың жаппай пайда болу мерзімін анықтауға, дәлірек айтқанда, онымен дер кезінде күрес жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқушылар құстар мен насекомдарды бар ынтасын сала бақылайды.
Мектеп практикасында жеке тақырыптар бойынша жалпы фенологиялық бақылаулар жасау айтарлықтай орын алады. Мысалы: Туған өлкедегі көктемнің барысы", "Жаздың барысы..", "Қыстың барысы..". оқушылар мұндай бақылауларды көктемнің басында өткізуді белгілейді, өйткені бұл кез бүршік атумен ғана шектелмейді, дала бозторғайының алғашқы әнімен басталады, күн тал түсте көтеріліп, температурамен (жаңбыр немесе қар түрінде жауын-шашын болады) сипатталады.
Халық ұйғарымының ауа райын ұзақ мерзімге алдын ала анықтауға мүмкіндік беретіні ежелден-ақ тексерілген. Мысалы, егер құстар немесе ұзақтар қайтқан кезде топтасып ұшып, ұяға бірден келіп қонса, онда көктем жайлы болады. Егер құс ұясын ағаштың күн сәулесі түсетін жағына жасаса, онда жаз салқын, ал ұяны көлеңке жағына салса, онда жаз жылы болады. Қараторғай көпке дейін қайтпаса — күз құрғақ болады дей бер.
Өсімдіктерді ұзақ бақылау арқылы да қыс, көктем, жаз және күздің қандай болатынын болжап айтуға болады. Мысалы, қайың жапырағын қандыағаштан ерте жазса, онда жаз құрғақ және жылы болады. Егер көктемде қайыңнан шырын көп бөлінсе — жаз жауынды болмақ.
Осы сияқты халық тәжірибесіндегі сан ғасырлық бақылаулардан көптеген мысалдар келтіруге болады, міне, осылардың барлығы бақылағыштықтың қаншалықты маңызды екенін тағы да дәлелдей түседі. Фенологиялық бақылаулар оқушыларға тек табиғатпен жекпе-жек қалуды ғана емес, оның ұтымды ақыл-ойды қанағаттандыра алатын құпиясына да үңілуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |