2. БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ НЕГІЗГІ САТЫЛАРЫ. ӨНДІРІСТІК ФЕРМЕНТАЦИЯ. ӨНДІРІСТІ БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ ЖƏНЕ ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ
Биотехнологиялық өндіріске арналған шикізат қоректік ортаны дайындау принциптері. Биотехнологиялық өндірісте қоректік ортаны дайындау үшін əртүрлі қосымша компоненттер қолданылады, оларға минералдар, жануар мен өсімдік шикізаттары жəне химиялық жолмен синтезделетін табиғи заттар жатады. Қоректік орта құрамына кіретін заттардың құрамында зиянды қоспалар болмауы керек, бағасы арзан жəне оңай табылатын болуы керек. Шикізаттың барлық түрлері мемлекеттік стандарт (МЕСТ) талаптарына сəйкес болуы міндетті. Күрделі табиғи заттан жəне өндірістік қосымша өнімнен қоректік ортаны дайындау үшін шикізаттың жарамдылығына қатаң биохимиялық тексерулер жасалуы қажет. Өндірісте қолданылатын қоректік ортаның құрамына кіретін шикізаттардың негізгі түрлері келтіріледі: Қоректік ортаның құрамына міндетті түрде су кіреді, əдетте су ашық су қоймаларынан немесе құбырдан алынады. Сондықтан судың биологиялық тазалығын, түссіздігін, дəмсіздігін жəне иіссіздігін тексеру міндетті. Сол себептен суға қойылатын біраз талаптар болады: оның бірі судың құрамында тұнба болмауы керек, құрғақ қалдығы 1000 мг/л аспауы керек, орташа тұтқырлығы 7 мг-экв/л тең болуы керек, себебі тұтқыр су микроорганизмнің өсуін бəсеңдетеді. Сонымен қатар, судағы зиянды металдардың құрамы келесі мəндерден жоғары болмауы керек, мг/л: қорғасын − 0,1; мырыш − 0,05; мыс − 3,0; фтор − 1,5. Судың орташа микроорганизмдерінің саны 1 мл суда 100 кл/мл аспауы тиіс. Өндірістік биотехнологияда су тек қоректік ортаны дайындауға ғана емес, сонымен қатар биореакторды салқын датуға жəне аппараттарды жууға қолданылады. Өндірісте таза судың көлемі көп мөлшерде қажет, дайын өнім алу үшін судан басқа, микроорганизмге, өсімдік жəне жануар ұлпаларының тіршілігіне қажетті қоректік орта қолданылады. Қоректік орталардың келесі түрлері биотехнологияда белгілі: − жасанды орта – құрамында таза органикалық жəне бейорганикалық заттар болатын, құрамдық мөлшері белгілі орта, тек қана зерханаларда кеңінен қолданылады; − табиғи орта – өндірісте қолданылатын қоректік орта, құрамы қалдықтардан жəне арзан жартылай өнімді заттардан құралған ортада; − жартылай жасанды орта – таза органикалық жəне бейорганикалық заттар жəне қалдықты жəне арзан жартылай өнімді заттардан құралған орта.
20
Əдетте гетеротрофты микроорганизмдерді өсіру үшін субстрат ретінде көміртегіні қоректік ортаға енгізу маңызды, олар синтез барысында көміртегінің көзі ретінде көмірсуларды пайдаланады. Жасуша құрылысын синтездеу үшін микроорганизмдерді қолданады жəне энергия көзі ретінде пайдаланады. Бұндай шикізаттарға глюкоза, сахароза, крахмал, лактоза, спирт, органикалық қышқылдар жəне т.б. жатады. Микроорганизм, өсімдік жəне жануар ұлпалары үшін көміртегі көзі ең қолайлы көмірсулардың ішіндегі глюкоза, бірақ оның бағасы қымбат болуына байланысты метаболиттер биосинтезінде ғана қолданылады. Көп тоннажды биотехнологиялық өндіріс үшін, бағасы арзан көміртегіні құрайтын өнім – ауылшаруашылығының қалдықтары, целлюлоза, лигнин, қағаз жəне тамақ өнеркəсібінің қалдықтары қолданылады, əсіресе көміртегі көзі болып ағаш қалдығының ұнтағы кең қолданылады. Қоректік ортаны полисахаридпен байыту үшін оған картоп немесе жүгері крахмалын қосады. Жүгері ұны антибиотик жəне фермент биосинтезіне арналған қоректік орта құрамының компонеті болып келеді, ол негізгі көміртегі көзі қызметін атқарады. Жүгері ұнының құрамы орта есеппен алғанда 67-70 % крахмалдан жəне 10 % басқа көмірсудан (клетчатка, пентоза, декстрин, еріген көмірсулар), шамамен 12 % ақуыздан тұрады. Ылғалдылығы шамамен 25 %-дан аспауы керек. Меласса – қант өндірісіндегі стандартты емес қосымша өнім, кристалл қантты екінші рет бөлгендегі қалған өнім. Түсі – қара қоңыр, тығыздығы 1,35 – 1,40 г/см3 болады. Меласса 61-68 % құрғақ затты құрайды, 40-55 % сахарозаны құрайды. Одан басқа 0,5-2,0 % инвертті қанттан тұрады жəне 0,5-2,5 % рафинозадан тұрады. Мелассада 1,1-1,5 % азот құралады, оның үшінші бөлігі бетаин формасында болады, микроорганизм оны қолдана алмайды. Мелассаның құрамына көптеген амин қышқылдары (аспарагин, глутамин, лейцин, изолейцин, тирозин) кіреді жəне В витаминдер тобы (биотин, тиамин, рибофлавин, инозит, никотин жəне пантотен қышқылы) кіреді. Əсіресе биотин үлкен мəнге ие (оның құрамы 80 мг/т). Мелассалы барда стандартты емес спирт өндірісінің қалдығы, ол құрғақ заттың жəне табиғи барданың 6-10%-ын құрайды. Бұл өнімнің құрамында бардадан басқа ашытқы массасы, аминқышқылы, гликоль, сүт, янтарь қышқылы, кальций тұзы, калий, натрий, марганец, кобальт болады жəне «В» витаминдер тобы болады. Көп жылдық өсімдік ұлпалардың құрамында жасушалы матрикс болып целлюлоза, лигнин, гемицеллюлоза жəне басқа заттар болады. Бұл шикізатта көміртегі көзі ретінде гексоза, пентоза, органикалық қышқылдар саналады.
21
Шикізатта олар бос күйінде іс жүзінде кездеспейді, сондықтан шикізатқа арнайы өңдеулер жасалады: майдалайды жəне гидролиздейді, яғни ыстық сумен гидролиздеуші аппаратта ыдыратылады. Ағаштың полисахаридтері гидролиз үрдісінің нəтижесінде суда еріген моносахаридтерге айналады нəтижесінде микроорганизмдерді оңай сіңіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |